Меню KDT

Отбасы-өмір аясы


        Мектебімізде отбасы мерекесіне «Отбасы-өмір аясы» тақырыбымен үлкен іс-шаралар ұйымдастырылды. 10-11 сыныптар арасында «Менің отбасымның салт дәстүрі мен ұстанымдары» тақырыбында   шығармалар сайысы өтті. 8-9 сынып арасында «Татулығы жарасқан жанұялар ордасы» тақырыбында А.Мәулітбекқызы Н.К Нұрғалиеваның ұйымдастыруымен кездесу өтті. 1-4 сынып арасында «Менің отбасым және мен» сурет байқауы ұйымдастырылды. 5-11сыныптар аралығында «Менің бақытты отбасым» фото көрмесі ұйымдастырылды. «Отбасы –тәрбие бастауы» бірыңғай тәрбие сағаты 1-11сынып жетекшілерімен өткізілді. «Әке -асқар тау, ана-бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» 6 сыныптар арасында сайыс ұйымдастырылды. 8-11 сыныптар арасында футболдан ата-аналар мен оқушылар арасында сайыс өтті. «Шаңырағым –шаттығым»   жас ақындар байқауы 4 сыныптар арасында бастауыш сынып мұғалімі Р.Е.Саматова өткізді. «Сүйікті немерем» ата мен әже сайысы 1 сыныптар Көңілбаева І. Жұмашева Б. өткізді. 1 сыныптар арасында өткен іс-шара жақсы деңгейде өтілді. «Бақытты отбасы – бақытты мемлекет»   7 сыныптар   арасында Т.М Назарбекова әдеби-сазды кеш өткізді. Кеш жақсы деңгейде өтті. «Әке, шеше және мен- спортшыл жанұямыз» 1-4, 5-7сынып арасында өткізілді.

     


Комментариев нет
Просмотров: 1114
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 19.09.2014 в 15:56