Меню KDT

Қазақстан халқы тілдерінің ХVІ қалалық тілдер фестивалі аясында «Тіл-ұлттық қазына» атты мектепішілік айлық іс-шаралар өткізілді.

Мектебімізде «Тілім барда айтылар сөз ойдағы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде 9-11 сыныптардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.


Тіл –адам болмысының айнасы.Сөз арқылы адамның ақыл-ойы, мінез-құлығы, жалпы, рухани жан-дүниесі танылады.Тіл-адамның барлық саналы әрекетінің құралы: оның өнерлі, білімді, мәдениетті болып қалыптасуына тіл маңызды рөл атқарады десек, осы орайда атқарылып жатқан игі істер жетерлік.
Мектебімізде «Тіл –ұлттық қазына» айдарымен қазақ тілі, орыс тілі, шетел тілі, бастауыш сыныптар бірлестіктерінің ұйымдастыруымен айлық жоспар құрылды. Мектеп дәлізінде осы тақырыппен қабырға бұрыштары  шығарылды. «Тілім барда айтылар сөз ойдағы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде 9-11 сыныптардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл өткізілген іс-шарада оқушылардың өз пікірін қорғай білуін, өз ойын дұрыс жеткізе алу қажет екендігін басты назарға алып, шешендік шеберліктерін көрсете білді. Аталған тақырып бойынша жауапты мұғалім Ченыбаева Зульфия Сагижанқызы оқушыларымен бірге тіл туралы, оның шығу тарихы мен қалыптасып дамуына сонымен қатар, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі туралы, оның бүгіні мен ертеңі жайында пікірлерін ортаға салып, біршама мәселелерді қозғады. Отырыс соңында  Ғабит Мүсіреповтің«Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады»,- деген сөздерімен қорытындылады. Оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру мақсатында  5«А», 5«Ә» сыныптарынан құралған  «Білгірлер» мен «Тапқырлар» тобының арасында сайыс өткізді. Сайыс барысында топ мүшелері шығармашылық тапсырма орындаудан, мәнерлеп оқудан, мақал-мәтел  айтудан өзара сынға түсіп, қорытындысында  5«А» сыныбы жүзден жүйрік атанды.
«Өткеннің қадірін білмей, болашақты болжай алмайсың»-деген даналар сөзі қай уақытта да өз маңызын жойған жоқ. Небір «Тар жол тайғақ кешулерді» басынан өткізген қазақ халқының тағдыры қандай ауыр десеңші!
Бүгінгі жас ұрпақтың өткенін саралап, келешегіне кемел көзқарас танытуына мектептегі тәрбиенің рөлі өте зор. Соның бірі мұражай сабақтары болып табылады. Осы тұрғыда Атығаева Динара 6«Ә» оқушылырымен «Тарихымызға тағзым» тақырыбында мұражайға саяхат сабағын өткізіп қайтты. Бұл саяхат сабағында оқушылар заттай деректермен танысып, үлкен әсермен оралды.
«Ертегілер әлемінде» тақырыбы аясында «Ертегілер еліне саяхат» атты тақырыпта  ертегілерді сахналау, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету, халық шығармашылығына қызығушылықтарын дамыту мақсатында 2-сынып оқушылары  қойылым көрсетті. Оқушылар сахналық киімдер киіп, берілген рөлге жауапкершілікпен ат салысты. Сонымен қатар, «Тілім менің тірлігімнің айғағы» тақырыбында 4-сыныптар арасында шығарма сайысы өткізіліп, сайыс соңында 4-сынып оқушылары Жақсылық Аида, Талғатов Дәулет, Ермахан Әйгерім,  Бакеева Дарина, Мейірхан Әсел, Омарканова Аружан, Алданазар Айдана, Сайранов Санжар, Сейлбекова Улпан үздік шығармалар иелері атанды. Бұл аталмыс іс-шараға орыс тілі мен әдебиеті бірлестігі де белсене ат салысты. Жыр әлемінің қызыл жолбарысы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған дөңгелек  үстел Еркінбаева Гүлнар Нұридинқызы, Нұртазина Гүлжазира Саттарқызының жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Жамбылдың теңіз түбінде шашылып жатқан сөз маржанын жинап алып, келешек ұрпақтың қолына беру-біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екеніндігін  және Жамбыл сияқты ақыны бар халық шын бақытты халық екенін дөңгелек үстел пікірталасында тағы бір дәлелдеді. Сондай-ақ  бұл іс-шараға орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігінен Саулембаева Бахыт Сабырқызы «Знаешь ли ты русский язык?» тақырыбында интелектуалды ойын сабағын өткізді. Ойынның тәрбиелік мәні зор, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуына ықпалын тигізді.
Тілдер мерекесіне шетел тілі бірлестігі де өзіндік белсенділіктерін танытып, үлестерін қосты. Оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлеу дағдыларын жетілдіру мақсатында 7«Г» сыныбымен Кубекова Айкеш Мырзаханқызы, Жукенова Гүлнар Какимқызы, Ашенова Сабираның жетекшілігімен өткізілген «Сен шетел тілін қалай білесің?» атты палиглот ұйымдастырылды.
Нәтижесінде:
І орынды Жагипарова Айбике, ІІ орынды Сайлауханова Айғаным мен Тілеміс Жайналар иемденсе, ІІІ орынды Қайсарқызы мен Түтінбаева Мадиналар өз қанжығаларына байлады. Ал 6-сынып оқушыларымен мәнерлеп оқу сайысы және елтану бағытында викториналық кеш ұйымдастырылды. Казиханова А. Мадиев Н, Фазылбаев Д, Айдарбек  атты оқушылар ағылшын тілінен терең білімдерін  және  ағылшын тіліне қызығушылықтары жоғары, тілдері жатық екендіктерін байқатты. Мәнерлеп оқу сайысында  «power»тобы ерекше көзге түсіп, жүлделі орынды иеленді.
«Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары даладан үдере көшкен тұрмысы-асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр», - деп Мағжан атамыз айтқандай, бір айға созылған іс-шарада да оқушыларымыздың ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен құрметі асқақтай түсті.












Комментариев нет
Просмотров: 755
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 22.09.2014 в 00:00