Меню KDT

Балаларға мейірім сыйла

Жоспарланған іс-шара 10 қыркүйектен басталды. Мереке «Әрқашан күн сөнбесін!» атты 5-7 сыныптарға арналған флэшмобтан басталды. Балалар үшін бұл іс-шара мектебіміздің дәстүріне айналмақ.


«Отбасы бақыты ол...» атты тақырыпта 8-9 сынып оқушылары арасында шығармалар сайысы өтті. 15 қыркүйек күні  өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сүлейменова А.С. «Отбасы- аялы алақан мекені » атты ата-анамен 5 сынып оқушылары арасында тренинг өткізді. Іс-шараға балалармен бірге ата-аналарда белсене ат салысты.

5-6 сыныптар арасында «Мен және менің отбасым » атты фотокөрме ұйымдастырылды.   Көрменің мақсаты отбасы бірлігі мен ынтымақтастығын нығайту.


Комментариев нет
Просмотров: 579
Автор: 71mektep
Сайт: www.71.astana-bilim.kz
Добавлено: 10.09.2014 в 00:00