
«Тіл- ұлттың тұғыры»
Қазақстан халқы тілдерінің XVI фестивалі аясында «Тіл- ұлттың тұғыры» тақырыбындағы айлықтың жоспары бойынша өткізілген «Сәкен оқулары» байқауы
Қазақстан халқы тілдерінің XVI фестивалі аясында «Тіл- ұлттың тұғыры» тақырыбындағы айлықтың жоспары бойынша өткізілген «Сәкен оқулары» байқауы
Іс-шара өткен уақыт: 18.09.2014ж сағ 1500
Өткізілген жер: №24 ОМ Акт залы
Ұйымдастырған мұғалім: Жаңабек Дана Әкімжанқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Қатысушылар: 7-сынып оқушылары
Іс-шараның мақсаты: Ақынның патриоттық өлеңдері арқылы болашақ ұрпақты елжандылыққа, патриоттылыққа тәрбиелеу. «Мың бала» жобасының «Сөз зергері» бағыты бойынша жұмыс істейтін оқушылардың мәнерлеп оқуын бақылау.
Әділ қазылар алқасы:
- тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Есетова Орынша Файзоллақызы
- «Мың бала» жобасының жетекшісі: Тамабаева Жанна Болысбекқызы
- бойынша тілге жауапты маман, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрышева Алия Қадырбайқызы
«Сәкен оқулары» байқауына 12 оқушы қатысты. Оқушылар ақынның патриоттық өлеңдерімен қоса қазақ жерінің тамаша табиғатын суреттейтін өлеңдерін оқыды. Сәкеннің қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Ақынның эстетикалық талғамы өте жоғары болған. Оқушылар ақынның 120 жылдығына арнап, өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп, үлкен тебіреніспен оқыды. Образға түсіп, эмоцияға берілген оқушылар да болды. Байқау нәтижесінде оқушылар төмендегідей орындарға ие болды.
I орын - 7 «А» сынып оқушысы Әмір Арайлым
II орын - 7 «Б» сынып оқушысы Алдияр Баян,
7 «Б» сынып оқушысы Бақытжан Бауыржан
III орын - 7 «Ә» сынып оқушысы Қонысбай Абылай
7 «А» сынып оқушысы Қажыбекова Ботагөз
7 «Б» сынып оқушысы Макенова Нурия