Меню KDT

Білім шыңы

Қазақтан халқы тілдерінің ХVІ қалалық фестивалі аясында Астана қаласының Ю.Гуров атындағы №6 гимназиясында 8 сыныптар арасында «Білім шыңы» атты брейн-ринг өтті. Аталған сынып оқушылары сайысқа белсенді қатысты. Іс-шара қазақ күйімен, биімен басталды.

Сайысты 8 «Г» сынып оқушылары Валиева Диана, Окутаева Адель жүргізді. Олар өз шеберліктерін белсенді көрсете білді. Сайыс нәтижесі бойынша І орынды 8 «д» сынып, ІІ орынды 8 «Б» сынып , ІІІ орынды 8 «Г» сыныбы иеленді.

Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

І кезеңде әр топ ұрандарымен өздерін таныстырды.

ІІ кезең «Бәйге» деп аталады. 20 сұрақ дайындалып, жылдам, білімді бала өз жауабын берді.

ІІІ кезең Берілген тақырыптар бойынша әңгіме құрау. Әр топ жетекшісі шағын әңгімелерін баяндап берді.

ІV кезең «Полиглот» деп аталады. Бұл сайыста берілген жұмбақтардың жауабын 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінде айту керек болды.

V кезең «Сөз атасы – мақал-мәтел» деп аталады. Бұл сайыста мақал-мәтелдер жарысы болса, мақал-мәтелдерді айта алмаған топ жарыс жолынан шығып отырды.

Кеште қазақ би, ұйғыр халының биі орындалып, ағылшын тілінде ән шырқалды.

Сайыс қойылған мақсатқа жетті. Қатысушылар мен сынып жетекшілеріне үлкен алғысымызды білдіреміз.

Комментариев нет
Просмотров: 730
Автор: 6mektep
Сайт: www.6.astana-bilim.kz
Добавлено: 19.09.2014 в 00:00