
Бір шаңырақтың астында
Юрий Гуров атындағы № 6 гимназиясында қыркүйектің 24 күні, бастауыш сыныптардың қатысуымен «Бір шаңырақтың астында» тілдер күніне арналған мерекелік концерт өткізілді.
Юрий Гуров атындағы № 6 гимназиясында қыркүйектің 24 күні, бастауыш сыныптардың қатысуымен «Бір шаңырақтың астында» тілдер күніне арналған мерекелік концерт өткізілді. Бұл тәрбие сағаты қазақ тілі мұғалімдері Абдуллаева А.С. және Оразалина А.Т.басшылығымен ұйымдастырылды. Іс- шараның басты мақсаты: жас ұрпақты өзінің ана тілін сүюге,тілдің көркемдігі мен байлығын үйреніп, орынды қолдануға және ұлттар достастығын күшейтіп және жастар арасында патриоттық сезімді тәрбиелеу. Бастауыш сыныптар оқушылары өз өнерлерімен көрерменді таң қалдырды. Концерттік бағдарламаны 3 «Г» сынып оқушылары Айтпаева Аделия және Медова Малика жүргізді. Концерте Отан,туған тіл, халықтар достығы туралы өлеңдер, әндер айтылды, викторина өткізілді. Әдемі билерімен келесі оқушылар көзге түсті: 3 сынып оқушылары Бойчук Вероника « Куклы -сувениры», Проценко Александра « Орыс халқының биі», Писаренко Регина «Шығыс биі», Голубь Даша «Цыган биі». Тәрбие сағаты залдағы отырған көрерменнің қатысуымен «Қара жорға» биімен аяқталды. Мерекелік тәрбие іс-шарасы өте жақсы деңгейде өтті.