Меню KDT

«Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша онкүндік оқыту семинары өтті

   15-26 қыркүйек аралығында мектебімізде Қазақстан Оқу Ассосиациясының  ұйымдастыруымен «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша онкүндік оқыту семинары өтті.
Семинардың ерекшелігі семинарға қатысушы мұғалімдер оқушырөлінде болып, сын тұрғысынан ойлауды дамытуға бағытталған стратегиялар мен әдістерден құралған сабақтарды өз басымыздан өткіздік. Әр сабақтың соңында оқушы ретінде сабақтан алған әсерімізді,ал мұғалім ретінде сабақта қолданылған стратегиялар мен әдістер туралы, сабақтың құндылығы, алдағы жұмысымызда не өзгерту керектігін ой елегінен өткізіп, рефлексия жасап отырдық. Сонымен қатар, семинар барысында оқып, үйрену мен оны тәжірибеде қолданудың қатар жүргізілгені біз үшін тиімділігін көрсетті. Яғни әр жаңа сабақта үйренген стратегиялар мен әдістердібіз өз сабақтарымызда қолданып, әріптестерімізбен өзара сабақтарға қатысып, сабақтағы жетістіктер мен кемшіліктерді талқылап, тренеріміздің де пікірін тыңдап алдағы жұмыстарымызға дұрыс бағыт алуға мүмкіндік туды.
Семинардан алғанымыз, оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін оларды жаттанды ақпараттардан алшақтатып, сабақта қойылған мәселені өз беттерімен табуға, зерттеуге, талдауға, салыстыруға, ой толғауға және бағалауға көшудің қаншалықты маңызды екеніндігі, білімнің шынайы өмірмен байланыста болуы мен алған білімдерін келешекте өз қажеттеріне жарата білуіне бағыт беру.
 
Қыдырбекова Гүлмира Жарқынбекқызы

Комментариев нет
Просмотров: 391
Автор: 37mektep
Сайт: www.37.astana-bilim.kz
Добавлено: 29.09.2014 в 22:32