
Достық фестивалі
Астана қаласы Ю. Гуров атындағы № 6 гимназияда 22 қыркүйек күні тілдер фестивалі аясында ІІ «Достық фестивалі» атты гала концерті аталып өтілді.
Астана қаласы Ю. Гуров атындағы № 6 гимназияда 22 қыркүйек күні тілдер фестивалі аясында ІІ «Достық фестивалі» атты гала концерті аталып өтілді. Тілдер фестивалінің жабылу гала концертіне бүкіл сыныптар белсене ат салысты. Әр сынып өзге ұлт өкілдерінің әндерін шырқап, биін билеп, өлеңдерін оқыды. Атап айтсақ, 7 А сыныбы ағылшын тілінде ән шырқаса, 5 а сыныбы украин тілінде ән айтып қоймай, сонымен қатар биледі. 7 в сыныбы әр ұлттың өкілін көрсете отырып, сол тілде амандасып, ұлттық тағамдарын ұсынды, қазақтың қара домбырасында күй шырқатты. 6 А сыныбы еврей халқын таныстыра отырып, би биледі және т.б.