Меню KDT

58 мектеп - гимназиясында "Болашақ энергиясы" атты сабақтан тыс іс-шара өткізілді


Бүгін қыркүйек айының 30-ы күні мектебіміздің кітапханасында физика, математика және информатика пәндері бірлестігінің жетекшісі Л.Ж. Бексолтанова және физика пәні мұғалімі Л.Қ. Бейсекова, математика пәні мұғалімі Е Табиғаттың жетекшілік етуімен 8-9 сынып оқушыларымен "Болашақ энергиясы" атты сабақтан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылардың шығармашылық жұмыстары макеттер жобалауды, жобаны қорғауда ерекше талпыныстары мен ұтымды ойларымен байқалды.
Қорыта келгенде Астана ЭКСПО 2017 көрмесінің түйінді ұғымдары – «әлеуметтік-экономикалық» және «экологиялық тұрақты» – энергияны тұрақты даму мән мәтінінде пайдалану туралы ойлану нәтижесінде қалыптасатынын.  
Әлеуметтік-экономикалық салаға қатысты жоба шеңберінде қарастырылатын түйінді ұғымдарды келесі түрде жалпылауға болады: 
• Қалпына келтірілетін қуат көздерін және энергияның басқа да баламалы түрлерін пайдалануға ынталандыру.
• Энергияны тұтыну тиімділігі және ұтымды пайдалану.
• Көлікті электрлендіру.
• Көпшіліктің экологиялық таза энергияға қолжетімділігі.
• Энергиямен қамтамасыз етілгендік.
• Энергия мен материяның, тіршілік пен адамның бөлінбеушілігі.
Қоршаған ортаға қатысты:
• Басты электр энергиясы ретінде пайдаланудағы шектеулі және қоршаған ортаны қатты ластаушы қазбалы қуат көздері.
• Жаһандық жылыну және ауа-райының өзгеруі.
• Қоршаған ортаның ластануы және денсаулыққа қауіп-қатері.
• Қазбалы жанармайды пайдалану және көмірқышқыл газының шығарылуын азайту екендігін оқушыларымыз ұғынды.









Комментариев нет
Просмотров: 529
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 30.09.2014 в 18:00