Меню KDT

"Ұстазым менің - Ұстазым!"

 

Жалғанда ұстаз көрмеген, я мұғалімнің алдында оқушы болмаған тұлға кемде-кем шығар. Ал осынау мамандықтың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген абзал жандарға деген алғыс-ризашылық шексіз.


 
 

 «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы», – деген Ғафу Қайырбековтің өлең жолдары соған дәлел болса керек. Біз де мұғалім болып көктен түсе салмадық. Бізді де ұстаздар барын беріп, нәрін татқызып баулыды, өмір жолына салды. Ондай асыл жанды тұлғаларды әсте ұмытуға бола ма?! Жоқ! Иә, ұстаз – мақтан тұтар ма­ман­дық. Адам Ата һәм Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені алға жетелеп келе жатқан – киелі мамандық. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икем­ділікті, шеберлікті, мейірім­ді­лік­ті қажет ететін ұстаздық маман­дық. Ұстазға ұстаз бола білген адам ең бақытты адам дер едім.

   «Ұстаз» сөзініңекітүрлісипатыбар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай «тентекті» жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұға­лімін ұстазым деп атайды. Даныш­пан Абайдың: «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйре­туден балаға», – деген өлең жолдары осындайда ойға оралады.      Ұстаздық жолда тегеурінді талпыныс жасап жүрген һәм тәжірибелі мұғалімдер біздің арамызда да аз емес. Солардың қатарында бастауыш сынып мұғалімі Улболсын Остемировна Уакбаева, Дамели Бимаганбетова Калкаева,   Сандигул Жунисалиевна Нысанбаева   т.б. бар.    Ұстаз өзін өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Енде­ше, бүгінгі білім мен білік бәсе­келес заманда ұландардың биік­тен көрінуіне күнделікті істегі жаңа­шылдық, жан-жақты берген тәрбие арқылы қол жеткізуге болады. Оны мүлтіксіз атқаратын – тек өз ісіне шын берілген киелі мамандық иелері ғана.

Барлық білім саласы қызметкерлерін төл мерекесі –Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыс, шанырақтарыңызға шаттық тілейміз.


Комментариев нет
Просмотров: 766
Автор: 55mektep
Сайт: www.55.astana-bilim.kz
Добавлено: 02.10.2014 в 11:04