Меню KDT

№ 58 мектеп - гимназиясындағы Тілдер мерекесі


Тілім – тірегім, бірлік – тілегім

«Егер ана тілім ертең өлетін болса, мен бүгін өлуге дайынмын»
Расул Гамзатов
Тіл – кешеден бүгінге, бүгіннен ертеңге жол тартқан киелі керуен. Сондықтан да кез келген ұлт өз тілінің жанашыры болып, тілге құрмет көрсететіні анық. Мектебімізде 16-23 аралығында Қазақстан халқы тілдерінің XVI қалалық фестивалі аясында «Тілім – тірегім, бірлік – тілегім» тақырыбында өткен апталық іс-шаралар да осының бір көрінісі іспеттес.
Аталған мерекелік іс-шараға мектеп ұжымы белсене қатысып, бекітілген жоспарға сай тапсырмалар жоғары дәрежеде өтті. Тілдер мерекесіне арналған апталық ең алдымен салттанытты түрде сапттық жиынмен ашылды. Әрі қарай 16 қыркүйек күні 3-4 және 7-10 сыныптар аралынында «Тілім – тірегім, бірлік – тілегім», «Ана тілім – ардағым» тақырыптарында шығармалар сайысы өткізілді. 17 қыркүйек күні 6-сыныптар арасында «Тапқыр болсаң, тауып көр» атты тақырыпта салт-дәстүрді насихаттау мақсатында интеллектуалды сайыс өтті. 18 күні 4-сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы және 7-сыныптар арасында «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі» әдеби-музыкалық ұйымдастырылып, «Тілім деп соқсын жүрегің» атты тақырыпта ақындар мектебі оқушыларының қатысуымен жас ақындар сайысы өткізілді. Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына орай 19 қыркүйек күні «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы», «Өнер алды –қызыл тіл» тақырыптарында әдеби-музыкалық кештер ұйымдастылырды. Сонымен қатар 8-11 сыныптар арасында «Үш тұғырлы тіл – ұлттар ынтымағының жарасымдылығы» тақырыбында полиглот өтті. Дәл осы күні 5-10 сыныптар арасында «Тілім менің қасиетті қазынам, тіл арқылы бар әлемге танылам» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді. Және де жоспарға сай «Қазақ тілі жасау керек мәңгілік» КТК сайысы, «Тіл мәртебесін ұлықтайық!» зияткерлік сайысы, «Тіл – достық пен келісімнің тірегі» конференция өткізіліп, соңынан апталықтың жабылуына арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында жоғарыда аталған іс-шаралар қорытындысы шығып, белсенді қатысқан оқушылар мен сыныптар марапатқа ие болды.
Аталған мерекелік шараға жауапкершілікпен қарап, тіл мәртебесін көтеруге ат салысқан Г.Ж. Қошқарова, С.М. Айтмағамбетова, Ә.А Накупов, Ә.К.Балтабекова, Ж.Е. Ахметова, Л. Ж. Бексолтанова, А.Онор, М.Д Көбенова есімді ұстаздардың есімін ерекше атап кетуге болады.
Тіл мәртебесін асқақтатуға арналған шаралар дәйім көп болғай!

Әмірхан Накупов







Комментариев нет
Просмотров: 800
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 23.09.2014 в 18:00