Меню KDT

Ұстаз деген – ұлы есім

 


Қазан айының алғашқы демалысымен қатар келетін ұстаздар мерекесі салтантты түрде біздің алтын ұя мектебімізде ерекше аталып өтті.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күншуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп, ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанымен кез келгеніміз мақтанамыз. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік есем пе?! Ендеше осы бір шеберлік иелеріне сый құрмет көрсетіп, биікке қанша көтерсек те артық етпейді. Осы мақсатта мектебімізде мерекелік күн ұйымдастырылды. Осы мақсатта өткен мектебіміздегі мерекелік шараға мектеп ұжымы, ата-аналар, мектебіміздің қадірлі қонақтары болған зейнеткер ұстаздарымыз да қатысты.
Ән айтылды, күмбірлеген күй тартылып, би де биленді. Мектеп ұстаздарының құрметіне дайындалған мерекелік шара барлық ұстаздар қауымына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шара барысында мектеп үшін тер төгіп, оқушылардың білім сапасын көтеруге үлесін қосқан, қалалық, республикалық жетістіктерге ие болған ұстаздар қауымы мектеп директорының грамотасымен марапатталды.




Комментариев нет
Просмотров: 773
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 02.10.2014 в 00:00