
Мұғалім – мектептің жүрегі
Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінде мұғалімдер мерекесіне орай көптеген іс-шаралар атқарылды. Барлық сыныптарда ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінде мұғалімдер мерекесіне орай көптеген іс-шаралар атқарылды. Барлық сыныптарда ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Салтанатты жиналысты ұстаздар қауымын «Толқын» оқушылар кеңесі, «Жас Ұлан» ұйымы, сондай-ақ 1 сынып оқушылары құттықтап,өздерінің ыстық ықыластарын жеткізді.Салтанатты жиналыста ұстаздарды мектеп директоры Зауре Ғинаятқызы құттықтап, жас ұрпаққа заман талабына сай саналы тәрбие, сапалы білім берген мұғалімдерге ҚР Парламентінің, Білім басқармасының, қалалық «Әділет» кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталарын табыс етті.Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.