Меню KDT

Қазан айының сегізінші жұлдызы күні, мектеп сайтының шығармашылық тобының кезекті отырысы өтті.


Отырыс мектеп директоры Алма Қайрбулатқызы мен директордың ғылыми ісінің орынбасары Бақыт Садаққызының қатысуымен өткізілді.

Отырыстың негізгі мақсаты мектеп сайтының жұмысын жандандырып, шығармашылық топтың жұмысын ары қарай жетілдіруге бағытталды. Отырыс кезінде сайтта атқарылған жұмыстардың нәтижесін ескере отыра, алдағы уақытта сайттың дамуына үлестерін еңгізетін жаңа шығармашылық топтың құрамы, сонымен қатар сол топтың құрамындағы өзгерістермен танысып, оларды бекітті. Сонымен қатар сайтқа үлес қосқан Гаухар Жолжаксина мен оның оқушылардан құралған шығармашылық тобына алғысын білдіріп, мектеп директоры атынан мақтау қағаздар табысталды. Алдағы уақытта мектеп беделін көтеру үшін қарқынды жұмыстар атқарылатыны туралы сөз қозғалып, нақты жоспар құрылып, бұйрық шығарылды.





Комментариев: 1
Просмотров: 437
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 10.10.2014 в 10:49