Меню KDT

«Ана тілім, мәңгі жаса!»

«Тіл-  ұлттың   тұғыры » тақырыбындағы тілдер фестивалінің қорытындысы


Астана қаласы

№24 орта мектебінде  2014-2015 оқу жылында

өтілген  Қазақстан халқы тілдерінің

 XVI  фестивалі  аясында «Тіл-  ұлттың   тұғыры »

тақырыбындағы  айлықтың  есебі

 

«Тіл – ұлттың   тұғыры» тақырыбындағы  айлықты  19 тамызда  директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Сагитова  Зина  Құсайынқызымен бірге қазақ,орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшілері қосылып айлықтың жоспарын түзді.22 тамыз күні  екі ӘБ мүшелері қосылып, «Тіл- тәуелсіздіктің   тірегі» тақырыбында  дөңгелек  үстел  басында тіл сабағын өткізді. 2 қыркүйек күні  оқушыларды сапқа тұрғызып, айлықтың ашылуы жайлы сап түзеуді 3 – қабатта өткіздік.15 минутқа созылған сап түзеуде  әнұраннан бастап,тіл жайлы өлеңдер,нақыл сөздер,тілді құрметтеу мен дамыту жайлы жоғары сынып оқушыларының пікірлерін тыңдадық.Сап түзеуде айлықтың жоспарымен  таныстырып  ай  көлемінде берілген іс-шараларды өткізуге атсалысуды сұрадық.

         Бейнелеу өнерінің мұғалімі Оңайбек Бақтияр 5-20 қыркүйек арасында 3-қабатта «Тіл - достық  мекені» тақырыбында  қылқалам шеберлерінің арасында  байқау өткізіп,қорытындысын мерекелік кеште айтып, марапаттады. Дене шынықтыру   пәнінің   мұғалімі Рахметов Ескендір «Көңілді старт» ойынын ұйымдастырып,қазақтың ұлттық ойындары тоғызқұмалақ,асық ату сынды ойындарынан байқау ұйымдастырып, тиісті  оқушыларды  қорытынды  кеште  марапаттады.

Қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі  Жаңабек  Дана  Әкімжанқызы С.Сейфуллиннің   120  жылдығына  байланысты   «Сәкен    оқулары»  сайысын   өткізді. Кеш  өте  тартымды  өтті.Іс-шараның  мақсаты:    Ақынның  патриоттық  өлеңдері  арқылы  болашақ  ұрпақты  елжандылыққа,  патриоттылыққа  тәрбиелеу. «Мың  бала»  жобасының  «Сөз  зергері»  бағыты  бойынша  жұмыс  істейтін   оқушылардың   мәнерлеп  оқуын  бақылау.Әділ  қазылар  алқасы:1.Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі:  Есетова  Орынша  Файзоллақызы. 2.Мектебіміздің  «Мың  бала»  жобасының  жетекшісі:  Тамабаева  Жанна   Болысбекқызы.  3. Мектеп  бойынша  тілге  жауапты  маман, қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Нұрышева  Алия   Қадырбайқызы. «Сәкен   оқулары»  байқауына  12  оқушы  қатысты. Оқушылар   ақынның   патриоттық  өлеңдерімен  қоса   қазақ  жерінің  тамаша  табиғатын  суреттейтін  өлеңдерін    оқыды.  Сәкеннің  қазақ  әдебиетінде  алатын  орны  ерекше. Ақынның   эстетикалық  талғамы  өте  жоғары  болған. Оқушылар  ақынның  120   жылдығына  арнап, өлеңдерін   нақышына  келтіріп,  мәнерлеп,  үлкен  тебіреніспен  оқыды. Образға  түсіп, эмоцияға  берілген  оқушылар  да    болды. Байқау  нәтижесінде  оқушылар   төмендегідей   орындарға  ие  болды.      

                     I  орын -     7 «А»  сынып  оқушысы   Әмір  Арайлым

                      II  орын  -   7 «Б»  сынып  оқушысы  Алдияр   Баян,

                                          7 «Б»  сынып  оқушысы   Бақытжан   Бауыржан   

                      III   орын  - 7 «Ә»  сынып  оқушысы   Қонысбай  Абылай

                                            7 «А»  сынып  оқушысы   Қажыбекова  Ботагөз

                                            7 «Б»  сынып  оқушысы   Макенова  Нурия

 

 

Мектепішілік  «Сәкен   оқуларынан»   жүлделі  орын  алған  оқушы   15  қазан   Сәкен   Сейфуллиннің  туған  күнінде     Сәкен   мұражайында  өтетін  қалалық  «Сәкен   оқуларына»   қатысады.

Қазақ  тілі  мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімі,  жас  маман     Құдияр  Гүлдерай  6 -  сыныптармен   «Туған  тілім-тірлігімнің  айғағы»  атты     әдеби-сазды  кеш   өткізді.  Кеште   тіл  туралы  өлеңдер  оқылып,  көріністер   қойылды.

Қыркүйектің   жиырмасында    орыс  тілі  пәнінің  мұғалімі   Тамабаева  Жанна  Болысбекқызы  «Родной  язык- начало  всех  начал»   тақырыбында   әдеби  кеш   өткізді.Кешке  директордың   тәрбие  ісі  жөніндегі   орынбасары  Сұлтанова  Қымбат  Сақтанқызы  және    мектеп  бойынша  тілге  жауапты  маман   Нұрышева  Алия   Қадырбайқызы  қатысты.

Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің   мұғалімі  Есетова  Орынша  Файзоллақызы   9-сыныптар   арасында  «Тіл  қадірін  білмеген  ел  қадірін   білмейді»   тақырыбында   дебат   өткізді.  Тілдер  фестивалінде   осындай  қажетті   тақырыпта   ой  қозғағаны  өте  орынды. Дебатта   оқушылар  өз  ойларын  ашық  айта  білді. Регламент  сақтап  сөйледі. Қарсыластарын   тыңдай  білді.

    

 

 

 

Орыс  тілі  пәнінің   мұғалімі   Байгузиева  Айсұлу  Тұрсынбекқызы   8 «А»  сынып   оқушыларымен  «Русский  язык –язык  международного  общения»   тақырыбында   сыныптан  тыс  іс-шара  өткізді.  Іс-шара   көңілді  әндермен  басталды.  Оқушылар  қазақ,  орыс, ағылшын  тілдерінде   іс-шараны   жүргізіп, өлеңдер  оқыды, көріністер  көрсетті.Іс-шара  өз  мақсатына  жетті.

5-20  қыркүйек   арасында  өткен  «Қазақстан  -  достық  мекені» атты   қабырға   газеті   байқауында   жүлделі  орындарды  мына  сыныптар   алды:

                     I  орын -     10 «А»  сынып 

                      II  орын  -   10 «Ә»  сынып,9 «А»  сынып 

                      III   орын  - 9 «В»  сынып, 8 «Ә»  сынып,7 «В»  сынып 

 

 

 

 

 

Айлықтың  қорытындысы  «Ана  тілім, мәңгі  жаса!» тақырыбында  мерекелік кешпен аяқталды.  Мерекелік  кеште   қазақ,  қырғыз,  өзбек,  француз,  ағылшын, украин   ұлттарының    өнерлері    көрсетіліп,  ұлттық  тағамдары   берілді.

 

22  қыркүйек күні  тіл мамандары біріге отырып, айлықтың қорытындысын жасады.Айлыққа белсене қатысқан оқушылар  сап  түзеуде  мадақтамалармен   марапатталды.

 

Мектеп   бойынша   тілге   жауапты  маман:                            А.Қ   Нұрышева

 

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 671
Автор: 24mektep
Сайт: www.24.astana-bilim.kz
Добавлено: 22.09.2014 в 00:00