Меню KDT

«Күннен туған пайғамбары өлеңнің...»

Қазанның 2 күні Алаштың ардағы , жыр поэзиясының падишасы Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған «Күннен туған пайғамбары өлеңнің...» атты шығармашылық кеш өткізілді. Кеш қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Өтепова Салиха Қамбарқызы мен 10 «Б» сынып оқушыларының ұйымдастырылуымен өткізілді. Кеште ақынның жүрегінен жарып шыққан, сыры мен мұңын, жыры мен сезімін сезіндірген өлең шумақтары мен ұлы ақынның өмірінен көріністер көрсетілді.

   Ақынның «Мен кім?», «Сағындым», «Қазақ тілі», «Сүйемін», «Шолпы», «Толқын» өлеңдерін нақышына келтіріп оқыған оқушылардың   сезіміне толқығандар әсерге бөленіп, ұлт ақынының рухына арнап өлең шумақтары оқылды.

                                               Мағжан Жұмабаевқа

Мағжан ақын, ұлы ақын, мақтанышы қазақтың,

Халқым үшін жан пида деп, дәмін татқан азаптың.

Қазақ жайын жыр етем деп, өлім құшқан жасынан,

Отына да кіріп шыққан түрме деген тозақтың.

Қайраудайын қайраған ғой, қазақ халқын шырылдап,

Сенген жасы түрмеде жүр, қылмыс етпей, зар жылап.

Азап құштың, бірақ та сен қара емес, ақ жасап,

Тілім, елім, дәстүрім деп, көргендерің мол азап.

Армандарың орындалды, тәуелсіз ел атандық,

Қазақстан – беделді ел, жасампаз боп жасандық.

Бүгін, ақын, еске алу кешің болып, қуанып,

Мағжан атын қайта естіп, көзімізге жас алдық

                                                         Шегірбай Сандуғаш

                                                     10 «Б» сынып оқушысы

Комментариев нет
Просмотров: 497
Автор: 8mektep
Сайт: www.8.astana-bilim.kz
Добавлено: 03.10.2014 в 11:10