Меню KDT

Жарайсыңдар, қыздар!

М.Өтемісұлы сарайында өткізілген «Тілім менің- мәртебелі»атты қалалық сайысына Астана қаласында білім алып жатқан өзге ұлт өкілдері қатысты.

№ 8 орта мектебінен қатысқан қыздарымыз мемлекеттік тілде ән айтып, сөз сөйледі, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшіліктің көңілінен шыға алды.


М.Өтемісұлы сарайында өткізілген «Тілім менің- мәртебелі»атты қалалық сайысына Астана қаласында білім алып жатқан өзге ұлт өкілдері қатысты.

№ 8 орта мектебінен қатысқан қыздарымыз мемлекеттік тілде ән айтып, сөз сөйледі, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшіліктің көңілінен шыға алды. Мектебіздің 9 «Д» сынып оқушысы Вайдурова Анна «Үздік сөз танушы» номинациясы иегері болды. 8 «А» сынып оқушысы Тен Алина «Қазақ тілі жанашыры» номинациясы иегері атанса, 9 «Д» сынып оқушысы Горелова Виктория ІІ орынды, 9 «В» сынып оқушысы Караванская Виктория ІІІ орынды қанжығаларына іліп, мектебіміздің абыройын көтеріп тастады. Қыздарымыздың өнеріне жетекшілік еткен Айжарықова Гүлжазира Тұрсынбекқызына және жеңімпаз қыздарымызды жеңістерімен құттықтап, сәт сапар тілейміз!


Комментариев: 1
Просмотров: 512
Автор: 8mektep
Сайт: www.8.astana-bilim.kz
Добавлено: 13.10.2014 в 20:55