Меню KDT

Астана қаласы «№49 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде өткізілген жалпы ата-аналар жиналысы

«Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алудағы мектеп, отбасы, қоғамдық ұйымдардың рөлі» 


 
2014 жылдың 9-қазан күні «Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алудағы мектеп, отбасы, қоғамдық ұйымдардың рөлі»  тақырыбымен өткізілген мектеп ішілік ата-аналар жиналысында күн тәртібінде белгіленген мәселелер тыңдалды. Жиналыста «Кәмелеттік жасқа толмаған жасөпірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстары туралы ақпарат» бойынша  мектептің әлеуметтік педагогы Төлеу Айжарқын Шәкіржанқызы сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған балалардың құқықтары туралы, сондай-ақ мектебіміздегі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша жасалған жұмыстарға тоқтала келіп, алдағы уақыттағы жоспарланып отырған іс-шараларды атап өтті.
Екінші мәселе: «Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің нормалары»  бойынша аға лейтенант, ювеналды полицияның аға инспекторы Сагындыков Руслан Мусагалиұлы сөз сөйледі. Ата-аналардың әкімшілік-құқықтық жауапкершіліктері туралы айтып кетті.Кешкі 23.00-ден кейін кәмелеттік жасқа толмаған балалардың заңды өкілінсіз көшеде жүргендігі үшін ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертті.
  Жиналыс барысында шақыртылған қонақтар ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап берді.


Комментариев нет
Просмотров: 704
Автор: 49mektep
Сайт: www.49.astana-bilim.kz
Добавлено: 09.10.2014 в 09:00