
Қамқоршылар күні
Қамқоршылар күні мерекесіне орай іс-шара өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз
Қамқоршылар күні мерекесіне орай іс-шара өткізілді.
10.10.2014
Шараның негізгі мақсаты – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу міндеті жүктелген қамқоршыларды қолдау. Бұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасында тәрбиелеп отырған қамқоршыларға арналған мереке болып табылады.
Мерекемізге мектебіміздегі 3 жетім баланың қамқоршылары шақырылды. Кештің қонақтары 3 «В» сынып оқушысы Қуандық Айдананың қамқоршысы Дардана Абдрашитқызы, 5 «В» сынып оқушысы Оразбаева Томиристің қамқоршысы Батес Кабденқызы, 8 «Ә» сынып оқушысы Жұмабаева Бағланның қамқоршысы Марат Хайржанұлы.
Іс-шара барысында келген қонақтарға оқушылар ән салып, би билеп, домбыра тартып, өлең оқыды. Мектеп психологі ойын, тренинг жүргізіп, келген қонақтар мен оқушыларды қуанышқа бөледі. Шара соңында қамқоршылар мен жетім балаларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.


Әлеуметтік педагог : Айкерім Болатқызы Ібікен