
«Ұстаздар-ұлы тұлғалар»
Ұстаздар мейрамына арналған мерекелік шара
Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді...
«Ұстаздар-ұлы тұлғалар» Ұстаздар мейрамына арналған мерекелік шара
Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді...
![]() |
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –

Деп, ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?
Біз білім ордасы - мектеп табалдырығын аттап, онда қазықты да терең білім алып, тылсым дүниені таныдық. Ұстаздаорымыз бізді білім тұңғиығынан нәр алдырып, қажырлылыққа, ізгілік пен адамгершіліккке баулыды, табандылықпен еңбек етіп, алдымызға биік мақсаттар қоюды үйретті.
Бүгінде, мектеп қабырғасында жалықпай еңбек етіп, зейнет жасына шықса да, бар білгенін шәкіртіне үйретуден талмаған, Ақшагүл Мұқанқызы, Валя Иманмәлікқызы, Шәмшия Абдіқалыққызы, Гүлбарам Ашимовна, Дариға Үсенқызы сынды артынан өшпестей ізін қалдырып келе жатқан біздің ұлы тұлғаларға не айтсақ та артық етпес."Ұстаз, сенің алдыңда бас июге рұқсат ет!" - деген көпке танымал өлең жолдарында осы бір жанкешті абзал жандарға деген ұланғайыр алғыс көрініс тапқан.Сіздерге денсаулық, бақ-береке тілеймін. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!!!