Меню KDT

Директор

Дарынды балаларға арналған №9 "Зерде" мектебінің директоры
Сексенова Алия Серғазықызы


Білімі: Жоғары.Өскеменмемлекеттік педагогикалық институты 1981ж. Мамандығы: Химия және биология пәні мұғалімі Марапаттаулары: “ҚазақстанРеспубликасы Білім беру ісінің құрметтіқызметкері” төсбелгіиегері, “Астанаға 10 жыл” төсбелгіиегері Сексенова Алия Серғазықызы, 1958 жылы 8 мамырда туған, қазақ, білімі жоғары, Өскемен педагогикалық институтының химия, биология факультетін бітірген, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санатты химия және биология пәні мұғалімі. Еңбек өтілі 31 жыл, 2004 жылдан бастап Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің басшысы қызметін атқарып келеді. 2010 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қазіргі білім беру жүйесіндегі нанотехнологиялар» атты білім жетілдіру курсында өзінің тәжірибесімен бөлісіп, сертификатқа ие болды. 2004-2005 оқу жылынан бастап өзі басқарып отырған ұжым «Білім беру мен тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды қолдана отырып, білім сапасын арттыру» атты әдістемелік тақырыпта жүйелі жұмыс жүргізіп, 2010 жылдың желтоқсан айында Білім басқармасы әдіскерлері мен мектеп директоры орынбасарларының алдында шығармашылық есеп беріп, педагогикалық ұжым жұмысы жоғары бағаланды. 2008-2009 оқу жылында Білім басқармасы және Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты мектеп директорларының арасында өткен қалалық байқауында ІІ орынды жеңіп алуы оның алдыңғы қатарлы білімді де іскер басшы екендігін танытады. Жыл сайын мектеп қабырғасында аудандық, қалалық олимпиадаларының, халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конфиренциялардың жоғары дәрежеде өтуі мектеп басшының жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуінде. «Ұстазы жақсының- ұстамы жақсы» демекші мектеп-лицейі оқушыларының соңғы үш жылдық білім сапа көрсеткіші өсу қарқынын көрсетуде. 2013 жылы 71 пайыз болса, 2014 75 пайыз білім сапа көрсеткішіне жетті. ҰБТ-дан 2012-2013 оқу жылында 101,5 пайыздан, 102 пайызға көтерілді. Жоғары жетістікке жеткен білім мекемесі ҰБТ қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Мектеп-лицей оқушылары аудандық, қалалық және республикалық олимпиадаларда жеңіс тұғырынан көрінуде: 2013-2014 оқу жылында аудандық олимпиада 44 орын, 9 грамота. Қалалық олимпиада 4 орын, 1 грамота, қалалық ғылыми жоба сайысында 17 жүлделі орын 8 грамота. Республикалықта 2 орын, 1 грант,1 сертификат, халықаралық сайыста 4 орынды иеленді. Атқарып жатқан игі істері мен ақыл-кеңестерін халық баласы үщін деп түсінген басшы, уақытының көбін болашақ жас жеткіншектерге арнап, сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерге қатысуға жағдай жасайды.Соның нәтижесінде мектеп-лицей оқушылары өнер, спорт саласында жоғары жетістіктерге жетіп отыр. Атап айтсақ, соңғы 3 жыл ішінде Шаттық фестивалінде 2013-2014 оқу жылында 1 алтын, 1 күміс медаль, 4 диплом. 2010 жылы 1 алтын медаль 3 диплом және Білім басқармасы бастығының «Алғысымен» марапатталды. «Талантты ұстаз дарынды балаға» атты байқау қорытындысы 2014 жылы қалалық сайыста І және ІІ орын, республикада ІІ және ІІІ орын. 2012-2013 оқу жылынан бастап мектеп «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ –ның тірек мектебі болып бекітіліп, мектепті басқаруда бірқатар жаңашылдықтар енгізілді. 2010 жылы Республикалық байқауда мектеп-лицейі І орын алып ҚР Премьер министрінің Дипломы және бір сынып компьютермен жабдықталды, 2012 жылы мектеп-лицейі Астана қаласы әкімінің Грантына, 2014 жылы өткен Республикалық «Жаңа мектеп» атты байқауда мектеп-лицейі І орынды иеленіп «Білім сапа белгісінің мектебі» атағына ие болды. Халықаралық «ХХІ ғасырда орта білім беру жайы және даму болашағы» ғылыми практикалық конфиренцияда жасаған баяндамасы жинаққа кіріп, республикалық басылымға шықты. Алия Серғазықызы – білікті басшы болуымен қатар тәжірибелі аға ұстаз. Пән мұғалімі ретінде химия сабақтарында әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып пәнге деген шәкірттерінің қызығушылығын, кәсіби білімдерін қалыптастырып келеді. Өзі дайындаған оқушылар химия пәнінен 2009-2010 оқу жылында қалалық олимпиада І,ІІ,орынға ие болса, 2010-2011 оқу жылында өткен аудандық олимпиада І,ІІ,ІІІ орынды жеңіп алды. ҰБТ – де оқушылары 100 пайыз білім сапасын көрсетуде. Алия Серғазықызының білім беру саласында атқарған қызметі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланып, 2001 жылы «ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері», 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» төс белгісімен, 2010 жылы «Ерен еңбегі үшін», 2011 жылы «ҚР Тәуелсізідігіне 20 жыл» медальдарымен мараппатталды. Алия Серғазықызы-тәжірибелі аға ұстаз, мұғалімдерге ақылшы, кеңесші оқушыларға сапалы білім беруде өзіндік тәжірибесі мол, жаңашыл ұстаз.


Комментариев нет
Просмотров: 653
Автор: 9mektep
Сайт: 9.astana-bilim.kz
Добавлено: 17.10.2014 в 00:00