17 қыркүйек күні мектеп-лицейде құқықтық тәрбиеге байланысты ата-аналар жиналысы өтті.
17 қыркүйек күні мектеп-лицейде құқықтық тәрбиеге байланысты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа әр сыныптың ата-аналары қатысты. Директордың тәрбие ісі меңгерушісі Нұрпейісова Ләззат Жақыпқызы, ата-аналарды жиналыстың мақсатын түсіндіріп өтіп, қонақтармен таныстырып өтті. Қонақ ретінде салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бөлім жетекшісі Хамзин Қанат Жайықұлы қатысып, СӨС орталығы туралы және оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында, психологиялық көмек көрсету туралы мәліметтерді айтып өтті.

Одан соң мектеп психологы Танысбаева Айдана Құсайынқызы оқушылармен қыркүйек,қазан айларында алынған зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға арналған сауалнамалардың қорытындысын айтып өтті. Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алынды.
Келесі сөз мектеп инспекторы, полиция капитаны Айгүл Шакзадақызы жалпы қала бойынша, одан соң мектептегі әр түрлі жағдайлардың алдын алу шаралары туралы ата-аналарға көптеген мағлұматтар берді. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты дәлелдермен жауаптар берілді.
|