
«Біз Махамбет ұрпағымыз»
«Біз Махамбет ұрпағымыз» атты мәнерлеп оқу байқау сайысы өтті
«Біз Махамбет ұрпағымыз» атты мәнерлеп оқу байқау сайысы
Өнерге құлаш ұрған жас дарындарды қазақтың өршіл ақыны Махамбет жырларының рухында тәрбиелеудің маңызы зор. Осы орайда Астанадағы №51 мектеп-гтимназиясында Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «Біз Махамбет ұрпағымыз» атты оқушылар арасында байқауы өтті. Аталған шара биыл оқушылар сарайына батыр, ақын бабамыздың аты берілгеніне 10 жыл толуы құрметіне арналды. Сайыста мектептің көптеген талантты оқушылар бағын сынаған, бұл байқауда қатысушылар ақын өмірінен прозалық жанрда шығарма-эссе жазып, дауылпаз ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Кайдарова Нұрай, Жанұзақұлы Сырымбет, Шадина Сезім ақынымыздың өлеңдерін жатқа айтып. Оспанова Ұлжан, Сейдакпар Керімбек, Искаков Асанали, сонымен қатар Әділжан Мадина, Әлайдар Жансая, Қосылбекова Малика бұл тақырыптың аясында шығарма, Бектібай Ақжол, Балтаева Аяулым, Насыр Таңшолпан эссе жазды. Сондай-ақ келесі жас талапкерлер Сыздық Ақнұр, Ұланқызы Дауа, Дүзелхан Амина батырға арнаған жүрекжарды өлеңдерін де ұсынды. Байқаудың мақсаты жас ұрпақты патриоттық бағытта тәрбиелей отырып, батырдың жырларымен сусындатып, жас дарындарды ақындық өнерге баулу.






Комментариев нет
Просмотров: 951