Меню KDT

«Алтын Күз»


Қазанның 16 -17жұлдызында мектебімізде «Алтын Күз» мерекесіне орай «Күз ханзадасы мен ханшайымы» сайысы өткізілді. Бұл іс-шараға 5-10 сыныптар ат салысып, бақтарын сынап, жүлделі орындарға ие болды. Барлығы бір-бірінен асып түсіп, әр бөлімге тиянақты дайындалып, еңбектенгеннің нәтижесінде өз бағаларын алды. 5-11 сыныптар арлығындағы өткізілген сайысымыз 6 кезеңнен тұрды:
«Таныстыру» сайысында әркім өзі жайлы, отбасы туралы, туған жері жайлы таныстырып өтті. Екінші өнер сайысында барлық қатысушылар бар өнерін көрермендерге паш етіп, бұл кезеңнен де өтті. Қазылар алқасы бұл сайыста кішкене қиналған секілді. «Мәдениет» сайысында барлығы өзінің актерлігін қосып көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Барлығы да көздің жауын алатындай өнер көрсете алды. Ал «Сән үлгісі» сайысын мен «тапқырлық сайысы» деп айтар едім. Себебі, киімдерін күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды қолданып, түрлендіріп, өз фантазияларынан әп-әдемі киім жасаған. Бұл тапқырлық емей немене?! Сайыстың соңында жүлделі орын алған сыныптар мақтау қағаздармен марапатталып, сыйлақтарға ие болды.
Кешіміздің соңы  жұптарымыздың күзгі вальс биіне ұласты.









Комментариев нет
Просмотров: 457
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 18.10.2014 в 15:00