Меню KDT

Астана қаласы №49 орта мектебінде «Алтын күз-2014» мерекесі


    18-қазан күні 5-10 сынып оқушыларының арасында «Алтын күз» мерекесі аталынып өтті. 5 пен 7 сынып оқушылары арасында сағат 12.00-де, ал 8 бен 10 сынып оқушыларының арасында сағат 15.00-де өткізілді. Мерекеде «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» атағына иеленуге 5-7 сынып оқушылары және 8-10 сынып оқушылары сайысқа түсті. Сайыс барысында қатысушылар өздерін таныстырып, әр түрлі табиғи материалдардан дайындалған сәнді киімдер үлгісін көрсетіп, түрлі жемістер мен көкөністерден көркем безендіріліп дайындалған күзгі мерекелік дастарханды дайындап, өнерлерін паш етті.

Байқау нәтижесінде 5 пен 7 сынып оқушыларының арасында 5 «Б» сынып оқушылары Есентай Жандәулет пен Жақсылықова Мерей І-орын жеңіп алып, «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» атағына ие болды. ІІ-орынды  5 «А» сынып оқушылары Есеналиев Ғалымжан мен Сүйінбаева Томирис иеленді, ІІІ-орынды 5 «Г» сынып оқушылары Балташ Ғибрат пен Абай Арайлым жеңіп алды.

8 бен 10 сынып оқушыларының арасынада байқау нәтижесінде 9 «А» сынып оқушылары Мұрат Әділбек пен Тулегенова Мадина І-орынға ие болып, «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» атағын жеңіп алды. 8 «А» сынып оқушылары Исмагулов Какимжан мен Ахмедиева Алия ІІ-орынды иемденді, ІІІ-орынды 10 «Ә» сынып оқушылары Сармағамбетов Қадыр мен Орзабекова Анель жеңіп алды. Қатысушылар арасынан сән үлгісімен ерекше көзге түскені үшін 9 «Б» сынып оқушылары арнайы грамотамен марапатталынды, «Күзгі дастарханнында» жеміс жидектерден құс бейнесін сомдап, сондай-ақ ерекше безендірілген жеміс-жидектерден ассорти жасағаны үшін арнайы грамотамен 8 «Г» сынып оқушылары және өз өнерімен көзге түскен 8 «Ә» сынып оқушылары да марапатталынды.


Комментариев нет
Просмотров: 435
Автор: 49mektep
Сайт: www.49.astana-bilim.kz
Добавлено: 18.10.2014 в 09:00