
«Әкем, анам және мен»
16 қазан «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында 1 сыныптар арасында
«Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық сайыс өтті.
16 қазан «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында 1 сыныптар арасында
«Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық сайыс өтті.
«Дені саудың – жаны сау» демекші, денсаулықты күту, сақтау жолдарын насихаттау мақсатында мектебіміздің 1 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Астана – есірткісіз қала» жоспарына сәйкес «Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Мақсаты: дене тәрбиесі мен спортпен шұғылданудың адам ағзасына пайдасын біліп, жас өспірімнің дұрыс тамақтану мәдениеті сақтап, зиянды заттар мен әдеттерден бойын алшақ ұстауға тәрбиелеу.
Міндеттері:
* бала денсаулығын сақтау және нығайту;
* бала денсаулығына қатысты қамқорлық жасау;
* оқушының оқу процесіндегі жұмыс қабілетін жақсартып, арттыру;
Эстафетаға келген әр отбасы өздерінің топтарын, ұранын және эмблемасын жарыса, қуана таныстырды.
1 «А» сыныбынан «Толағай» тобы - Шалқабаевтар отбасы;
1 «Ә» сыныбынан «Қырандар» тобы - Әлкен отбасы;
1 «Б» сыныбынан «Қырандар» тобы – Жайлаубаевтар отбасы;
1 «В» сыныбынан «Жас ұлан» тобы - Нұрболат отбасы;
1 «Ғ» сыныбынан «Болашақ» тобы - Жүсіпбековтар отбасы;
1 «Д» сыныбынан «Бәйтерек» тобы - Тоқтамысовтар отбасы;
1 «Ж» сыныбынан «Қайрат» тобы – Пернехан отбасы.
Сайыс бағдарлмасында мынадай спорттық тапсырмалар болды:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда,-деп жарысқа түскен топтар бар өнерлерін, шапшаңдық, жылдамдық, тапқырлықтарын ортаға салып, жеңіс үшін таласа эстафетаны қызықты өткізіп кетті.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену,жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады,-демекші, сайыс өз мәресіне жетіп, жеңімпаз топ анықталды.
«Бас жүлде» иегері – 1 «Д» сыныбынан «Бәйтерек» тобы - Тоқтамысовтар отбасы;
І орын иегері - 1 «Ж» сыныбынан «Қайрат» тобы – Пернехан отбасы.
ІІ орын иегері - 1 «Ә» сыныбынан «Қырандар» тобы - Әлкен отбасы;
1 «А» сыныбынан «Толағай» тобы - Шалқабаевтар отбасы;
ІІІ орын иегері - 1 «Б» сыныбынан «Қырандар» тобы – Жайлаубаевтар отбасы;
1 «В» сыныбынан «Жас ұлан» тобы - Нұрболат отбасы;
1 «Ғ» сыныбынан «Болашақ» тобы - Жүсіпбековтар отбасы.
Жеңіпмаздарды құттықтай отырып, салауатты өмір салтын бірге ұстанайық дегіміз келеді!