Меню KDT

«Жастар және экология: жаңа көзқарастар»

Астана қаласы №71 мектеп лицейінде 23 қазан күні «Білім беру үрдісін экологиялық қолдау» эксперименттік алаң аясында экологиялық кеш өтті. Экологиялық кештің тақырыбы: «Жастар және экология: жаңа көзқарастар»


         Кешті өткізу мақсаты: «Жандану» экологиялық жобасының жұмысын оқушылар арасында насихаттау және жас ұрпақты экологиялық сауаттылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

     Астана қаласындағы №31, №36  және №78 мектептердің ұстаздары мен оқушылары кештің арнайы қонақтары  ретінде қатысты.

     Эксперимент алаңының жауапты жетекшілері: биология және география пәнінің мұғалімі Ахметова Гүлфарида Тайжанқызы және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сүлейменова Аймереке Самалбекқызы. Экологиялық кеш 7-сыныптар арасында сайыс түрінде өтті.

Сайыстың қорытындысы шығарылып, жүлделі орын алған сыныптар марапатталды.



Комментариев нет
Просмотров: 511
Автор: 71mektep
Сайт: www.71.astana-bilim.kz
Добавлено: 23.10.2014 в 00:00