
Ұстаз мектептің жүрегі
Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге
Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі.
Ұстаз - ұлағатты есім.
Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!- дей келе, бастауыш сыныптар арасында өткен «Ұстазға арнау» тақырыбында үздік қабырға газетін шығару жарысы ұйымдастырылды.
1-4 сыныптар арасында ұйымдастырылған қабырға газетін шығару байқауында төмендегі сыныптар жеңімпаз болып анықталып, саптүзеуде мақтау қағазымен марапатталды.
1 сыныптар арасында «Үздік газет» иегері 1 Ғ сыныбы және жетекшісі И.К.Канафина;
2 сыныптар арасында «Үздік газет» иегері 2 В сыныбы және жетекшісі Хайрат Айгерім;
3 сыныптар арасында «Үздік газет» иегері 3 В сыныбы және жетекшісі А.С.Ташимова;
4 сыныптар арасында «Үздік газет» иегері 4 Ә сыныбы және жетекшісі Х.Д.Кенішбаева;
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы, –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк.
Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Ендеше, ұстаздар тө мерекелеріңіз құтты болсын демекпіз!