Меню KDT

«Оқушылардың азаматтық білім мен тәрбиесінде денсаулық сақтауды қолдау»

Астана қаласы №71 мектеп лицейінде 25 қазан күні «Оқушылардың азаматтық білім мен тәрбиесінде денсаулық сақтауды қолдау»  экологиялық эксперимент аясында экологиялық  іс-шара  өтті.


          Астана қаласы №71 мектеп лицейінде 25 қазан күні «Оқушылардың азаматтық білім мен тәрбиесінде денсаулық сақтауды қолдау»  экологиялық эксперимент аясында экологиялық  іс-шара  өтті. Экологиялық іс-шараның тақырыбы: «Адам мен табиғаттың үндестігі».

          Іс-шараның мақсаты: жас ұрпақты табиғатты аялауға, қорғауға бағыттау.Оқушылардың жас ерекшелігіне қарамай,олардың  арасында экологиялық мәдениеттілікті насихаттау және жас ұрпақты экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.

          Іс-шараға мектептің эксперименттік бағытта жұмыс жасайтын оқушылары    қатысты. Эксперимент алаңының жауапты жетекшілері: биология және география пәнінің мұғалімі Ахметова Гүлфарида Тайжанқызы және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сүлейменова Аймереке Самалбекқызы іс-шараны жоғары деңгейде өткізді.Эколгогиялық бағытты қолдау  жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Оған ұстаздар қауымы ғана емес, өз жерін, өз елін сүйетін әрбір Қазақстан азаматы атсалысу қажет.



Комментариев нет
Просмотров: 466
Автор: 71mektep
Сайт: www.71.astana-bilim.kz
Добавлено: 25.10.2014 в 00:00