Меню KDT

Саяхат - сабақтан үйренетін үлгі көп...

Астана қалалық әкімшілігінің қолдауымен Бейбітшілік және Келісім сарайында "№68 орта мектеп" КММ география пәнінің мұғалімі Сейіл Камшат Елтайқызы 7 сынып оқушыларымен "Дүниенің төрт бұрышына саяхат" тақырыбында экскурсия-сабақ өткізді.


Астана қалалық әкімшілігінің қолдауымен Бейбітшілік және Келісім сарайында "Уақыт қайдан келеді..." тақырыбы бойынша Солтүстік және Оңтүстік полюске, экватор бойы мен 0 және 180 меридиан бойынша түсірілген фотожұмыстар көрмесінде мектебіміздің мұғалімі Сейіл Кәмшат Елтайқызы 7 сынып оқушыларымен "Дүниенің төрт бұрышына саяхат" тақырыбында экскурсия сабақ өткізді. сабақ барысында оқушылар солтүстік және  оңтүстік полюске географиялық карталар арқылы саяхат жасап, жер шарының ең шеткі екі нүктесін меридиандардың түйіскен жері, уақыт белдеулерінің қосылар тұсына арналған экспедицияның фотосуреттерін тамашалап, ержүрек саяхатшылардың ерен еңбектері туралы көп мағлұматтар алып, география ғылымына деген қызығушылықтары артты. Антарктида материгіне арналған экспедицияға Тәуелсіз Қазақстан Республикасынан тұңғыш қатысқан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Мазбаев Орденбек Білісбекұлының саяхат туралы құнды әңгімелерін тыңдап, білімдерін тиянақтады.

  

  

  

  


Комментариев нет
Просмотров: 417
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 18.10.2014 в 00:00