Меню KDT

Мектеп формасы – оқушының айнасы

Мектеп формасы – оқушының айнасы

  Егер өткенге көз жүгіртетін болсақ, оқушылардың мектеп формасы Кеңес одағы тұсында бірден көзге түсіп, ерекше көрініп тұратын. Жалпы, еліміздегі мектеп шәкірттерінің киім 


Егер өткенге көз жүгіртетін болсақ, оқушылардың мектеп формасы Кеңес одағы тұсында бірден көзге түсіп, ерекше көрініп тұратын. Жалпы, еліміздегі мектеп шәкірттерінің киім үлгілерінің тарихына үңілсек, алғашқы кезде қазақта мектеп формасы деген ұғым болмаған десе де болады. Бертін келе Ресей мемлекетінде 1918 жылдары шәкірттердің арнайы киім үлгісі бекітілген екен.

   Біздің №52 мектеп-гимназиясының формасы сыныптағы оқушылардың және ата-аналардың да көңілдерінен шықты. Бағасының қымбат болғаны болмаса, матаның сапасы да, дизайны да жақсы.  Бұл форманың басқа мектеп оқушыларының киім үлгілерінен ерекшеліктері де ұнайды. Ер балалар көк түсті костюм мен галстук тақса, қыз балалар юбка мен костюм киеді. Қыстың кезінде оқушыларға басқа киім кигізуге ата-аналары да  мәжбүр болмайды, өйткені форманың матасы қалың. Оқушылардың формасында  өзі білім алып жатқан мектептің эмблемасы немесе логотипі бар. 

   Мектеп формасы - оқушының айнасы. Әр оқушыны оның мектеп формасының ұқыптылығына қарап қандай екенін білуге болады. Оны сақтау әр оқушының міндеті деп ойлаймын.

3 "ә" сынып жетекшісі: Калмурзина Г.К.


Комментариев нет
Просмотров: 817
Автор: 52mektep
Сайт: www.52.astana-bilim.kz
Добавлено: 29.10.2014 в 10:35