
«Қылмыс және жеткіншек» атты пікір сайыс өткізілді
11 сынып оқушыларымен бірге І-тоқсан қорытындысы бойынша, АКТ залында пікір сайыс өткізілді.
2014-2015 оқу жылының 1 қазан күні №51 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушыларымен бірге І-тоқсан қорытындысы бойынша, АКТ залында пікір сайыс өткізілді. Пікір сайыс тақырыбы «Қылмыс және жеткіншек» болып аталды. Қатысушылар 2-топқа бөлінді.Олар: І-топ: Парасат, ІІ-топ: Жеті Жарғы. Әр топ қатысушылары қылмыстың өте жаман жағдайға алып баратындығы айтылды. Олардың айтуынша жеткіншектердің қылмысты көп жасайтынын айта келе, осы жағдайды болдырмау үшін қандай істер атқару керектігін айтып өтті.Қазірде Қазақстан бойынша жеткіншектердің шамамен 76% -ы қылмыстық жағдайда ұсталатындығын айтты. Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы қылмыстар қасақана кісі өлтіру, өз-өзіне қол жұмсау фактілер, басқада түрлі қылмыстар сөз болды. Пікір сайысты қорытындылай келе бүгінгі таңдағы жеткіншектер арасындағы қылмыстар жан-жақты талқыланды.



