
5, 8 сынып оқушыларының «Ұлттық Академиялық кітапханаға» саяхаты
8 «А», 8 «Ә», 8 «Д», және 5 «В» сынып оқушылары «Ұлттық Академиялық кітапханаға» саяхат жасады.
2014 жылдың 28 қазан күні сағат 15.00-17.00 аралығында мектебіміздің 8 «А», 8 «Ә», 8 «Д», және 5 «В» сынып оқушылары (барлығы 53 оқушы) «Ұлттық Академиялық кітапханаға» саяхат жасады.
Кітапханада балалар Қазақстандық, әлемдік әдебиет қорымен танысып тамашалады. Қазақ әдебиетінің осы күнгі жетістіктерімен танысты. Астаналық жас ақындар мүшайрасымен кездесіп, жас ақын, жасушылар тобымен таныс болды. Кітапхана қызметкерлері оқушыларды ыстық қарсы алып, зәулім кітапхан ғимаратын аралатып, көптеген мәліметтер берді. Оқушылар түрлі кітап қорларын, оқу залдарын, арнайы түрік, корей, хинди халықтарының әдебиеті шоғырланған залдарды тамашалады. Сұраныс жасалған кітаптың қордан арнайы жолмен алынып, автоматтандырылған түрінде оқырман алдына келу жолы бала қызығушылығын тудырды.
8 сынып оқушыларын кітапханаға саяхат барысында алдағы күзгі демалыста осы кітапханаға тіркеліп, тұрақты оқырманы болуға ниет білдірді.
Оқушыларды бастап апарған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Жупкалиева, 8 «Ә» сынып жетекшісі Қожанова Н., 5 «В» сынып жетекшісі Озаева Ұ. Балалардың жолда жүріп тұру қауіпсіздігін қамтамассыз еткен «Қалалық экскурсиялар» ЖК.






Комментариев нет
Просмотров: 387