
20-25 қазан аралығындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы

20-25 қазан аралығында жоспарға сәйкес «Ана тілім – ардағым» атты шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Бұған белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Олар:
І орын Қапашев Әлібек 10 «А» сынып,
ІІ орын Габжалелов Бекзат 8 «Ә» сынып,
ІІІ орын Ералықызы Жансая 7 «Б» сынып.
Сондай-ақ, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері бойынша ашық сабақтар өтілді. Олар: Балтабекова А.К., Жұмағалиева Ж.Е., Қошқарова Г.Ж., Накупов А.А., Онор Алтынгуль, Курмашева М.А., Кобенова М.Д., Ахметова Ж.Е.
Балтабекова А.К. 7 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Сын есімнің шырайларын қайталау» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылардың сабаққа ынтасы, белсенділігі жоғары деңгейде өтті.



Оқушылардың топта жұмыс істеу, бір-бірін тыңдау, әділ бағалау және сұрақтар қою, өз ойларын нақты жеткізу т.с.с. әдіс-тәсілдер жүйелі жұмыстың нәтижесін дәлелі бола білді.

Кобенова М.Д. 5 «А» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен «Ақсақ құлан, Жошы хан» тақырыбында өтті. Бұл сабақтың ұтымдылығы:
Мұғалім сабақтың барысында оқушылардың жас ерекшелігін ескерген, әсіресе берілген тапсырмалар балаларды ойлануға, өз ойларын дәлелдеуге бағытталған. Мұғалім сабағының әр кезеңінде оқушыларына қолдау көрсетіп, сенімділігін арттырып отырды. Әсіресе сабақтың түйіні –кері байланысы әсерлі болы.


Курмашева М.А. 8 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Толықтауыш» тақырыбындағы сабақтың негізгі мақсаты қазақ тілі сабағында тақырып бойынша талдау түрлерін меңгеру дәрежесін анықтау болды. Оқушылар сабақ бойы АКТ-ды да пайдалана білді, пікірталасқа да түсе білді. Тапрсырмалар нақты, дамытуға бағытталған.
Накупов А.А. 6 «В» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Деректі, дерексіз зат есімдер» тақырыбында ашық сабақтар өтті
Ахметова Ж.Е. 10-сыныптарда «Махамбет – күрескер ақын» тақырыбында конференция сабақ өтті.


23.10.14 жылы «Мұқағали – сен мәңгі тірісің!атты мәнерлеп оқу сайысында 6-8 сынып оқушылары белсенділік танытып, төмендегі оқушылар марапатталды.
Олжабаева Аяулым 6 «А» сынып, Сұлтан Назерке 6 «А» сынып, Аманжолова Аружан 7 «Ә» сынып, Нышанбек Даулет 7 «Ғ» сынып, Шамшиденова Ділназ 7 «Б» сынып оқушылары марапатталды.
Оқушылар мәнерлеп оқу сайысына жоғары деңгейде дайындалып келген.(Жауапты мұғалімдер: Балтабекова А.К, Онор Алтынгуль, Жұмағалиева Ж.Е.).
Апталықтың жабылуы «Тілім бар да қазағым бар, халқым бар ...» атты тақырыпта әдеби- композициялық кеш болды. Пән мұғалімдері белсенділік танытты. Апталыққа белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
