
«Алғырлар! Мықтылар! Күштілер!»
25 қазан күні 4 сыныптар арасында «Саламатты Қазақстан-2050» бағдарламасы аясында «Алғырлар! Мықтылар! Күштілер!» спорттық эстафета өтті
25 қазан күні 4 сыныптар арасында «Саламатты Қазақстан-2050» бағдарламасы аясында «Алғырлар! Мықтылар! Күштілер!» спорттық эстафета өтті
Сайыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.
4 сынып оқушылары топтық жұмыстарға жұмыла кірісіп, аса белсенді дайындықпен келген екен.Топтар өз командаларына ат қойып,ұран дайындап, эмблема және біркелкі форма киіп шығуларымен ерекше көзге түсті.
Спорттық сайысты ұйымдастырушы Пернегүл Таубайқызы және дене шынықтыру пәні мұғалімі Жахина Жанна Нигматуллаевна командаларды ортаға шақырып, эстафетаны салтанатты түрде ашу үшін келген қонақтармен таныстырды. Құттықтау сөзін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.С.Аппазова айтты. Жас спортшыларға жеңіс тілей отыра, сайысымыздың қызық, тартысты әрі әділ болатынына сенім білдірді.
Эстафетаға 6 топ қатысты. Топтар өздерін төмендегідей таныстырды:
4 «А» сыныбы «Ақ барыс» тобы- жетекшісі Жетібаева М.Е.
4 «Ә» сыныбы «Тұлпар» тобы-жетекшісі Кенішбаева Қ.Д.
4 «Б» сыныбы «Қыран» тобы-жетекшісі Сарсенова Д.Ү.
4 «В» сыныбы «Батырлар» тобы-жетекшісі Махамбетова Г.А.
4 «Г» сыныбы «Толағай» тобы-жетекшісі Касымбаева Э.Н.
4 «Ғ» сыныбы «Жасұлан» тобы-жетекшісі Жырғау Э.
Эстафета 5 кезеңнен құрылды:
Осылайша жарыс жолын тартамыз, Барлығымыз көңілді қайтамыз. Балаларды шынықтырған, жаттықтырған, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына
Рахметімізді айтамыз!-деп сайысымыздың мәресіне де жеттік. Мәре сызығына кесіп, жеңістің жалауына бірінші болып жеткен «Ақ барыс» тобы БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды.
Құттықтаймыз!