
«Жас ұлан-2014» армия әндерінің ХVІ республикалық фестивалі
І-ші әскери-патриоттық форумға әзірлік шеңберінде 17 қазанда елордадағы «Конгресс-холл» сарайында «Жас ұлан-2014» XVI республикалық әскери әндер фестивалі лауреаттарын марапаттау рәсімі және гала-концерті өтті.
«Жас ұлан» әскери әндер фестивалі 1997 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.
Мақсаты: жасөспірімдерге, әскерге шақырылушыларға, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери әндерді орындаушылар мен ұжымдардың шығармашылық өсуіне қолдау көрсету болып табылады. Биылғы фестивальдің ерекшелігі әскери қызметкерлермен қатар мектеп оқушылары да өз өнерлерін ортаға салды. «Жас ұлан – 2014» әскери әндер фестивалінің қорытынды кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі «Жас ұлан» республикалық мектебінде өткізілді. Әділ қазыларға әскери әншілер, фольклорлық шығармаларды орындаушылар, вокальді-аспапты топтар өз таланттарын бағалатты.
Аталған іс-шараға мектебіміздің оқушылары Қамар Жорабек «фольклорлық орындаушы», Қамар Жорабек, Табынбаев Ерболат, Аймақов Альфараби, Абишева Аяна «вокалдық-аспаптық ансамбль» номинациясы бойынша сынға түсті. Оқушыларға мектебіміздің алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы, запастағы мойор Ерниязов Жұмабек Алиакбарович және музыка пәнінің мұғалімі Усербаев Ғазиз Берікбайұлы Жетекшілік жасады. Мектебіміздің оқушылары және жетекшілері Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің дипломымен марапатталды