
Күзгі демалыс!
Астана қаласы №48 мектеп-лицейде 2014-2015 оқу жылындағы оқушылардың күзгі демалысын ұйымдастыру жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылды.
Астана қаласы №48 мектеп-лицейде 2014-2015 оқу жылындағы оқушылардың күзгі демалысын ұйымдастыру жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылды.
Берілген жоспардағыдай қараша айының 5 жұлдызы күні Қ.Қуанышбаев атындағы драма театрында «Сәкен сұңқар» драмалық қойылымын тамашалауға 8-9 сынып оқушыларынан 180 оқушы, 1-4 сыныптан 308 оқушы қарашаның 6 күні Астана циркіне барып Ресейлік қойылымды тамашалады. Мектеп спорт залында мектепішілік футбол жарысынан 6-7 сынып ұлдары өзара бақ сынасты. «АЛЖИР» этномемориалдық кешеніне 5- қараша күні 5- сынып оқушыларынан 85 оқушы барды. Қарашаның 6,7,8 күндері мектеп спорт залында 6,7 және 10 сыныптар арасында эстафета жарысы ұйымдастырылды. Қарашаның 5 -жұлдызынан бастап ҰБТ-ге 11 сынып оқушыларын дайындауды бастады.
Кітапханада оқушылар ақпараттық технологияның көмегімен сабаққа қажетті түрлі мағлұматтарды алды. Спорт залдарында сыныптар арасында жарыстар, ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Мектеп инспекторы мен тәрбие бөлімі құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында оқушыларға дұрыс бағыт бағдар берді. Сынып жетекшілер үй аралап, тәртібі нашар оқушылармен және олардың ата-аналарымен кездесіп, сөйлесті.
Теги:
Қ.Қуанышбаев атындағы драма театр,
ҰБТ-ге 11 сынып оқушыларын дайындау,
Астана циркі,
«АЛЖИР» этномемориалдық кешені,
Комментариев нет
Просмотров: 1292