Меню KDT

Сабақ барысында бағалаудың жаңашылдығы

4 қараша күні  № 66 мектеп-лицейінде мұғалімдер арасында «Сабақ барысында бағалаудың жаңашылдығы» тақырыбында коучинг-семинар өткізілді.


Сабақ барысында бағалаудың жаңашылдығы

      4 қараша күні  № 66 мектеп-лицейінде мұғалімдер арасында «Сабақ барысында бағалаудың жаңашылдығы» тақырыбында коучинг-семинар өткізілді. Коучинг-семинарды  Қазақстан Республикасы  педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші деңгей курсын «Өрлеу» БАҰО-да өткен Омарова Жамал Алимжановна жүргізді. Мақсаты: сабақ барысында оқушының білімін бағалауды жаңашылдық тұрғыда жаңғырту.  Коучинг-семинар өте  әсерлі өтті. Өткізу  барысында ұстаздар қауымы өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Коучинг семинар соңында бағалау жүйесінің өзекті мәселелері қаралып, алдағы уақытта осы тақырыпта сабақ барысында қолдану жұмыстарын жүргізу жоспарланды.


Комментариев нет
Просмотров: 668
Автор: 66mektep
Сайт: www.66.astana-bilim.kz
Добавлено: 04.11.2014 в 09:00