Меню KDT

Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов өмірден озды

Алматы қаласында 10 қарашада 93 жасына қараған шағында авиация генерал-майоры, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов дүниеден өтті.


Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысында дүниеге келді. Оның балалық-жастық шағы Бішкекте өтті. 16 жасында аэроклубқа оқуға түседі. 1943 жылдың қаңтарында Калинин майданына алынады, оған 296-дивизияның 800-ші шабуылдаушы авиациялық полкының Ил-2 шабуылдағыш ұшағының тізгіні беріледі. 1944 жылдың қазан айында Знаменка және Кировоград қалаларын жаудан азат етуде ерлік пен әскери шеберлік көрсеткені үшін және жаудың төрт ұшағын атып түсіргені үшін аға лейтенант Бигелдинов Кеңес Одағының Батыры атағы атанды. Осы уақытқа дейін ол әуеде 200-ге жуық әскери тапсырманы орындаған болатын. Даңқты ұшқыш Берлинді азат ету үшін болған ұрысқа да қатысты. 1945 жылдың 27 маусымында оған Кеңес Одағының Батыры атағы екінші рет берілді.
Талғат Бигелдинов барлығы 305 әскери ұшуды іске асырды. 2012 жылы авиация маршалы Александр Ефимов өмірден өткеннен кейін ол Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алғандардың арасында Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі үшін “Алтын Жұлдызды” иеленген көзі тірі жалғыз адам болған еді.




Комментариев нет
Просмотров: 470
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 10.11.2014 в 20:00