Меню KDT

Жолдауға – қолдау!

Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінде сынып жетекшілері  Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын тыңдап,талқылады. Жолдауда  білім және ғылым саласына ерекше көңіл бөлінгенін педагогикалық ұжым жылы сезіммен қабылдады. «Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша  бірінші кезекте, бұл - апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. 


Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінде сынып жетекшілері  Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын тыңдап,талқылады. Жолдауда  білім және ғылым саласына ерекше көңіл бөлінгенін педагогикалық ұжым жылы сезіммен қабылдады. «Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша  бірінші кезекте, бұл - апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл - біздің Сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Балалар бақшасының жетіспеушілігі - басқа мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Әкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс. «Бүгінгі күні әлеуметтік саладағы ең өзекті мәселелердің бірі  мектептердің жаңадан салынуы» ,- деп көрсетті Елбасы. Бұл деген балалардың жағдайының жақсаруы, оқу сапасының артуы.


Комментариев нет
Просмотров: 419
Автор: 59mektep
Сайт: www.59.astana-bilim.kz
Добавлено: 13.11.2014 в 22:38