Меню KDT

Білімді ұрпақ – жарқын болашақ

Білімді ұрпақ - қазақстан­дық­тардың азаттық рухында тәрбиеленген, болашағына нық сеніммен қарайтын жаңа буын. Бүгінгі тәуелсіз, бейбіт елдің ұрпақтары – жан-жақты білім алып, мамандық 


Білімді ұрпақ - қазақстан­дық­тардың азаттық рухында тәрбиеленген, болашағына нық сеніммен қарайтын жаңа буын. Бүгінгі тәуелсіз, бейбіт елдің ұрпақтары – жан-жақты білім алып, мамандық иесі атану мақсатында болашаққа жоспарлар құруда…

   №52 мектеп-гимназиясында Директордың оқу  ісі жөніндегі орынбасары Cапарбаева Раушан Тәжібайқызының ұйымдастыруымен  « Анам - ..., әкем - ... Мен кім боламын? » тақырыбы аясында 3 «Ә», 4 «Г» сыныбының оқушылары ғылыми жоба жазып қорғады. Мақсаты: шығармашылық жобаны жазу барысында өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, өзінің болашағына деген ойларын жетілдіре білуге,іскерлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

   Осы мақсатпен 3 «Ә» сыныбынан:

  1. Мейрамбек Сағыныш
  2. Каримов Амир
  3. Кешубай Шырын

4 «Г» сыныбынан:

  1. Нурмуханова Сая
  2. Тасболат Галина
  3. Жумабаев Мерей қатысты.

   Шығармашылық жоба - әр оқушының орындайтын өзіндік жұмысы.Әрине жасалатын жобаның сапасы оқушының біліктілігіне, жазатын жобаны зерттеуіне, материалды қалай меңгергеніне тікелей байланысты. Жобаны жақсы деңгейде жазып,белсене қатысқаны үшін – Мейрамбек Сағыныш, Каримов Амир, Кешубай Шырын марапатталды.

   Егеменді елдің ертеңі – келешек ұрпақ  қол жеткізген табыстар мен жетіс­тік­те­р тек қана оқушылардың ғана емес,мектептің жетісітігі деп санаймыз.

 

3ә сынып жетекшісі :    Г.Калмурзина


Комментариев нет
Просмотров: 483
Автор: 52mektep
Сайт: www.52.astana-bilim.kz
Добавлено: 28.11.2014 в 17:15