Меню KDT

Ағылшын пәнінің апталығы

2014-2015 оқу жылы 24- 29 қараша аралығында «Ағылшын тілі біздің айналамызда» атты ағылшын тілі пәні әдістемелік апталықтың қорытындысы


2014-2015 оқу жылы
24- 29 қараша аралығында
«Ағылшын тілі біздің айналамызда»
атты ағылшын тілі пәні әдістемелік
апталықтың қорытындысы бойынша анықтама

24- 29 қараша 2014 ж. аралығында ағылшын тілі пәні әдістемелік апталығы өтті. Әдістемелік апталықтың мақсаты:

Мұғалімдердің кәсіби және шығармашылық шеберліктерін көрсету, таныстыру;

Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру;

   Апталық аясында пән мұғалімдері ашық сабақ пен сыныптан тыс іс-шара және сайыстар өткізді. Жоспарланған жұмыстар толық орындалды. Биылғы оқу жылында жаңадан бірнеше жұмыс түрі еңгізілді: оқушылар арасында “We love English” атты сайысы өткізілді. Сайыстың басты мақсаты: Балалардың ағылшын тілінен үйренген ән және өлеңдерін мұғалімдермен оқушылар алдында өз өнерлерін көрсету.
  

Және мұғалімдер арасында “Who is the Best” атты жас мұғалімдер сайысы өткізілді. Жас мамандар арасында өткізілгенсайысының басты мақсаты: жас ұстаздардың біліктілігін жан-жақты өз кәсібінің шебері екенін ағылшын тілі білуі арқылы олардың ағылшын тілін меңгеруін, өнерлерін сайыс арқылы мектепішілік іс –шара арқылы анықтау.

   24 қарашада мектепішілік   саптүзеуде   апталықтың салтанатты түрде ашылуы болды. Апталықтың ашылуында мектебіміздің ұлағатты ұстазымыз Л.В.Кузьмич ашып берді.
 

       Сонымен қатар мектеп оқушылары өз өнерлерін ағылшын тіліндегі ән-жырмен   салтанатты түрде қатысты.Апталықта өтілетін   іс- шаралармен ӘБ жетекшісі Хуан А. таныстырып өтті.

Апталықта өткізілген ашық сабақтармен сыныптан тыс іс- шаралар және мектепішілік сайыстар өз уақыттарында өткізіліп отырды.   Олар:

  1. Төреханова Жаннат 5 «в» сыныбында «What time is it?» тақырыбында

ашық сабақ өткізді.  Сабаққа  ағылшын тілі пән мұғалімдері Магзумова А.М.,  Айгараева Р.Р.,  Хуан А., және Химия пәні мұғалімі Мусабекова С.Ф. қатысты. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті, мұғалім өз кәсіби шеберлігін көрсете білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді, оқушылардың көбісі үй тапсырмасын дұрыс орындап келген. Мұғалім оқушыларды көптегне қызықты мәлімет, көрсетті. Сабақтың құрылымын құрастыруда мұғалімнің шеберлігі   көрініп тұрды.

  1. .Хуан А., Магзумова А.М., оқушылар арасында “We love English” атты сайысы өткізді.Оқушылар ағылшын тілінен үйренген әндері мен билерін сахна төрінде   мұғалімдер мен оқушылар арасына   көрсетіп,сайысқа түсті.Сайыста әділ қазылар алқасы сайланып,оқушыларға әділ бағаларын берді.
  2. Хуан А., 7 «б» сыныбында «Health problems» тақырыбында

ашық сабақ өткізді.   Сабаққа   ағылшын тілі пән мұғалімдері Магзумова А.М.,   Айгараева Р.Р., Кузьмич Л.В. және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сагитова З.К. қатысты. Сабақ жақсы өтті. Мұғалім сабақ жоспарын жақсы құрастырған. Сабақта интерактивті тақта қолданылып оқушының жұмыс жасауына жағдай жасалды. Сонымен қатар сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді. Сабақты талдау барысында мұғалімге ұсыныстар жасалып жіберген қателері туралы айттылды.

 

  1. Магзумова А.М.,   Айгараева Р.Р.,   Хуан А., Жас мамандар арасында “Who is the Best” атты жас мұғалімдер сайысын өткізді.Сайысқа Білім Басқармасы жанынан ашылған 12 жылдық білім беру жүйесін қолдай және ағылшын тілін оқыту орталығының директорының орынбасары Ә.Молдахметовна мен әдіскер М.Маратовна келіп тамашалады.
  1. Магзумова А.М.   10 «ә» сыныбында «The British Royal Family» тақырыбында ашық сабақ өткізді.   Сабаққа   ағылшын тілі пән мұғалімдері Айгараева Р.Р., Кузьмич Л.В., Хуан А. және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сагитова З.К.қатысты. 10 «ә» сынып оқушылары сабаққа белсене қатысты. Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап бере алды, ойларын, пікірлерін білдірді. III деңгейлік   курстан өтіп келген мұғалім, сабақ жоспарын сол негізде жазды. Мақсаты оқушыға бағытталған. Сабақ жоспарына 7 модульдің 5-еуін енгізді. Бағалау модулі бойынша «Бірін-бірі бағалау» түрі алынды.

Сабақтың құрылымын құрастыруда мұғалімнің шеберлігі   көрініп тұрды.

Оқушылар өз білімдерін өздері бағалады. Сабақтың талдауы бойынша айтылған ұсыныс – уақытты үнімдеп пайдалану.

  1. Магзумова А.М. 3 сынып оқушылары арасында «Travelling to English» атты сайыс өткізді. Сабаққа ағылшын тілі пән мұғалімдері Айгараева Р.Р., Хуан А. қатысты.

 Әдістемелік апталықтың қорытындылары:

Жоспарланған жұмыстар толық жүзеге асты

Пән мұғалімдері ашық сабақ, сыныптан тыс іс шара және сайыстар өткізді

Пән мұғалімдері сабақ беру кезінде БжС технологиясын және сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолданды

Ашық сабақ пен сыныптан тыс іс- шараға басқа пән мұғалімдері қатысты

Кемшіліктер:

  1. Сайысқа қатысушы оқушылардың, сабақ өткізілетін сыныптардың сынып жетекшілері қатыспады.
  2. Ашық сабақ пен сыныптан тыс іс- шараға басқа пән мұғалімдері қатыспады, жас мамандарда қатыспады

Ұсыныстар:

  1. мұғалімдердің өзіндік талдауын жетілдіру.
  2. сабақ беру кезінде уақытты үнемдеу
  3. сабақ өткізілетін сыныптын сынып жетекшісінің сабаққа қатысуы, оқушылардың дайындығын қадағалау

ӘБ жетекшісі:       Хуан А.

 

 

 

 

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 691
Автор: 24mektep
Сайт: www.24.astana-bilim.kz
Добавлено: 09.12.2014 в 15:19