Меню KDT

Әсерлі өткен ашық есік күні

Ашық есік күнінің қорытындысы дарынды, талантты балалардың өнер көрсетуімен


   
    05.12.2014 ж. 3-сыныптардың ата-аналарымен ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл күні ата-аналар мектептің бір күндік тыныс- тіршілігімен танысты.
       Ата-аналарға зерттеу жоба жұмысына балаларды дайындау қалай жүргізілетіндігі жөнінде кеңестер беріліп, 3 «Е» сынып оқушылары  Медер Дастан, Дюсенова Данель, Жанабаев Айшуақ өздерінің зерттеу жоба жұмыстарымен таныстырды.

     Ашық есік күнінің қорытындысы дарынды, талантты балалардың өнер көрсетуімен жалғасты. Атап айтатын болсақ, 3 «Ж» сынып оқушысы Республикалық «Айгөлек» ән-би байқауының жүлдегері Құрманбай Ақжан «Меркі», 3 «Л» сынып оқушысы Алтынбек Асылжан «Туған жер» әндерін орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. Шахматтан Республика, Азия біріншіліктерінің  жүлдегері 3 «Ә» сынып оқушысы Қаратайқызы Мейіржан ата-аналар алдында әкесі Қаратай Рашидұлымен шахмат ойынын көрсетіп, өз шеберлігін конақтар алдында тағы да бір  дәлелдеді. Ал Славакияда өткен  халықаралық  «Ақыл-ой Одиссеясы» байқауының кубок иегерлері  3 «Д» сынып оқушылары осы байқаудан алған әсерлерімен бөлісті.
3-сынып ата-аналары мектепте ұйымдастырылып жатқан ашық есік күні туралы өздерінің жылы лебіздерін білдіріп,  мектеп әкімшілігіне және ұстаздар қауымына шығармашылық табыстар тіледі.

     

      

 

     
 


Комментариев нет
Просмотров: 895
Автор: 66mektep
Сайт: www.66.astana-bilim.kz
Добавлено: 05.12.2014 в 00:00