Меню KDT

Топты жарып шыққан ұстаз!


2014 жылдың 10 – 25 қараша  күндері аралығында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені»  Астана қаласының білім басқармасымен  бірлесе отырып  ҚР  Тәуелсіздік  күніне орай «Үздік сабақ» және «Үздік педагог» байқауын өткізді.
Қазылар алқасына (Астана қаласының білім басқармасынан – әдіскер - Амиргалиева Д.К., Астана қаласының мұғалімдерді жетілдіру институты  – аға оқытушы Дюсебаева М.Ж. ) «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені»  экскурсия бөлімінің жетекшісі Оразымбетова Б.К.,  директорының ғылыми әдістеме жөніндегі орынбасары Жұмабаев Б.Е. төрелік етті.
 Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
  • Мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру, оларды  қолдау және көтермелеу;
  • Мұғалімдердің  әлеуметтік және қоғамдық беделін жоғарлату;
  • Шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау;
  • Инновациялық  педагогикалық    білім  беру  саласының  қызметтегі  іс-әрекетін  таратуға  ықпал ету;
  • Жаңа  педагогикалық  ойдың  құралымы.
 
Байқау 3 кезеңнен тұрды:
 
Осы кезеңдердің бәрінен жоғары ұпай жинап, мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Бимендин Болат Дусимбекұлы қатысып, І жүлделі орынды иеленді.Ол өзінің білімі  және табандылығының арқасында әлі де толағай табыстарға жететіне сенімдіміз.
Еңбек жолыңызда  қанатыңыз талмай, биік белестерге жете беруіңізге тілектеспіз!


Комментариев нет
Просмотров: 327
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 29.11.2014 в 18:00