Меню KDT

«ҰЛТ РУХЫН КӨТЕРГЕН ИМАНЖҮСІП»

Мақсаты: Оқушыларға батыр, суырып салма ақын, әнші Иманжүсіп  Құтпанұлының  өмірбаянымен таныстыру.


Мақсаты: Оқушыларға батыр, суырып салма ақын, әнші Иманжүсіп  Құтпанұлының  өмірбаянымен таныстыру. Ресей империясының отарлау саясатына қарсы ақтық демі қалғанша күресіп, жазықсыз жала жабылып, ату жазасына кесілген ақтаңдақ тұлғалардың бірегейі-Иманжүсіп Құтпанұлының ары мен намысын таптатпай, тән азабы мен жан азабын шексе де, ел-жұрттың болашағына алаңдаған қайсар ердің ерлігі мен азаматтығын жас ұрпаққа таныту. Батырдың ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту.

№ 52 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздік мерекесіне орай «Ұлт рухын көтерген Иманжүсіп» тақырыбымен қалалық әдеби кеш өтті. Кешке Қазақстан Білім және ғылым  министрлігі  жанындағы Тарих институтының  аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты  Енсепов Қанат Әлібекұлы,  Астана қаласы Білім басқармасының  әдіскері Әмірғалиева  Дайра Кайнемқызы,  арнайы шақырумен Алматы қаласынан консерватория оқытушысы Иманжүсіп  әніне бейнебаян  түсірген  Досхан,  Иманжүсіп Құтпанұлының немересі ф.ғ.д .,  профессор Көшенова Раушан Нұрханқызы қатысты.  

 

  «Жас екпін»  халықтық оркестрінің /жетекшісі А.Мұқанова/Б.Әбеновтің «Желдірме» күйімен ашылған сахнаға  кешті ұйымдастырушы   Молдраимова  Г.Т.  шығып,   Ақмола өңірінде  халқының    азаттығы  үшін алысқан есіл ердің өміріне  қатысты  мол  деректерді келтіре отырып,  жұртшылықты айтулы  мерекемен қызу құттықтады.

Кеште оқушылар күрескер ақынның жалынды  өлеңдерін оқып,  11 сынып оқушысы Батырхан Сабиров ақын әні «Ерейментауды», 

11 сынып оқушысы Кендірбекова Ұлжалғас Иманжүсіптің әні «Сарыарқаны»    орындады және   11 сынып оқушыларының    «Тәуелсіздік жолындағы күрескер Иманжүсіп»  көрінісін оқушылар қызу қабылдады.

   Келесі бөлімде Иманжүсіпті зерттеп жүрген  9 «А» сынып оқушысы Иманғожина Аяжан  «Өзім Астананың тумасы болғандықтан, осы Астана қаласынан шыққан Иманжүсіптей тұлғаны зерттеу перзенттік парызым деп санадым.Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазастан-2050» стратегиясында «Бабалардың ерлігі,бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арқасында сабақтастық болса ғана, біз ”Мәңгілік Ел” боламыз»,- деп   ғылыми жобасының   мақсатын түсіндірді.  Іс-шараны тәрбие ісі орынбасары Л.Аппазова қорытындылады. 


Комментариев нет
Просмотров: 561
Автор: 52mektep
Сайт: www.52.astana-bilim.kz
Добавлено: 10.12.2014 в 14:57