Меню KDT

Бастауыш әдістеме бірлестігінің апталығының ашылуы


9 желтоқсан күні 2014 жылы  бастауыш әдістеме бірлестігінің ашылуы болды. Апталықтың ашылуына Ғ.Ә орынбасары Қожахметова С.Б және оқу ісінің меңгерушісі Дюсенбаева К.Ж оқушылармен ұстаздарды апталықтың ашылуымен және келе жатқан мерекемен құттықтады.
Ашылу салтанатына 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары қатысты. Жиын ертегі түрінде өтті. Басты кейіпкер түймегүл 1 «В» сынып оқушысы Марат Шұғыла болды.  1 «В» сынып оқушылары өлеңдер оқыса, 4 «А» сынып оқушылары қазақ биін билеп жиын көркін аша түсті.
1 «Қ» сынып оқушылары «Тұлпарым» әнін көңілді орындап берді. Әрі  қарай «Көңілді тапқырлар клубы» квн көрсетті. 3 «Г», 1 «Қ»  сынып оқушылары ерекше көзге түсті.1 «Е» сынып оқушысы Сансызбаева Айдана би билеп көрермендерді тәнті етті. Жиынды 3-4 сынып оқушылары «Егемен ел Қазақстан» атты хормен аяқтады.  Апталықтың ашылуына жауапты мұғалімдер Жандильдина А, Шойдонда М болды. 










Комментариев нет
Просмотров: 611
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 09.12.2014 в 18:00