Меню KDT

«Тәуелсіздікті нығайтуға бәріміз жұмылайық!» атты танымдық кеш

Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздік  күні мерекесіне арналған танымдық кеш өткізілді.


«Тәуелсіздікті нығайтуға бәріміз жұмылайық!» атты танымдық кештің мақсаты,  алаш арыстарының азаттыққа ұмтылған қайсарлықтарын, олардың шығармаларын танып-білу және қазіргі заман батырларының тәуелсіздікке жету мен оны нығайту жолындағы еңбектерінен үлгі –өнеге алу. Кешті Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы, «Нұр Отан» партиясы, «Жас отан», Жастар қанатының, «Мемлекеттік тілді дамыту» Президенттік қорының, Корпоративтік қор «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қоры, Қоғамдық қор «Алдаспан» батырлар қорының бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді. «Аға буыннан өнеге»  бөілімінде қоғам қайраткері, дарынды әнші, жырау, мемлекеттік сыйлықтың иегері, Ұлттық спорт қауымдастығының Президенті Бекболат Қанайұлы Тілеуханмен сыр-сұхбат өткізілді.
«Мен сіздерді біздің қоғамымыздың «Тәуелсіздік», «Отан», «Отбасы», «Салт-дәстүрлер» сияқты ең маңызды құндылықтарын қорғауға шақырамын. Бұлар арқылы біз адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, оларды  ғасырлар бойы сақтап, ұрпақтарымызға қалдыруға тиіспіз», - деді кездесу барысында Бекболат Тілеуханов. Құрметті қонақ жиналғандарға өз жолын қалай бастағанын, алдына қойған мақсаттарына қалай қол жеткізгенін айтып берді. Бұл кездесудің пайдасы зор деп есептейміз. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдіреміз!


Комментариев нет
Просмотров: 426
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 10.12.2014 в 00:00