Тәуелсіздік күніне байланысты Астана қаласы №38 мектеп-лицейі оқушыларының қолөнер, шығармашылық жұмыстарынан мектепішілік көрме ұйымдастырды.
Тәуелсіздік күніне байланысты оқушылардың өз қолдарымен жасаған сурет, қолөнер бұйымдары арқылы Отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін оятып, еліне, жеріне деген махаббаттын оятты. Қорыта айтқанда, бұл шығармашылық көрме өз тақырыбы мен мақсатына жетіп, оқушыларға мол тәлім-тәрбие берді деуге болады.
Міне, осы шаралардың барлығы еліміздің тәуелсіздігін нығайту мен ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.
Тәуелсіз ел болғанымызға міне, 23 жыл болды. Азаппен келген азаттық, тәуекелмен келген тәуелсіздіктің 23 жылдық мерейлі мерекесі Қазақстандықтар үшін аса құнды, әрі маңызды тарихи оқиғаның бірегейі. Осы жылдың желтоқсанының сегізінші жұлдызында Астана қаласы №38 мектеп-лицейі оқушыларының қолөнер шығармашылық жұмыстарынан мектепішілік көрме технология, сурет пәні мұғалімдері Жарасбаев М.А, Жарасбаева Д.А, Алимсаева Р.Ш, Мұхамедиев Б.М. ұйымдастыруымен жоғары дәрежеде өткізілді.

|
|
|
|
|