
«Мен – үміткермін... Мен - ұсынамын…» сайысы
№ 6 гимназияда, сонымен қатар 2011 жылдан бері Қазақстан Республикасының барлық мектептерінде Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылған.«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезекті Съезінде Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын.
№ 6 гимназияда, сонымен қатар 2011 жылдан бері Қазақстан Республикасының барлық мектептерінде Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылған.«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезекті Съезінде Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын. Ол еліміздің балаларының қызығушылықтарын біріктіретін, жобаларды жүзеге асыратын, арнайы кештерді ұйымдастыратын ұйым болып табылады.
Бүгінгі таңда «Жас ұлан» ББЖҰ қатарын 40 оқушы толықтырып отыр. Олар еліміздің дамуына өздерінің кішкентай ғана үлесін қосқысы келетін жарқын балалар, ол, әрине, бірінші орында - жақсы оқу. Біз оқушыларымызға сәттілік тілейміз.
Ұйымның ең маңызды шараларының бірі мектеп президентін сайлау болып табылады. 24 қазанда гимназия қабырғасында «Мен – үміткермін... Мен - ұсынамын…» сайысы өтті, аталған сайысқа сынып белсенділері, сынып жетекшілері қатысты. Зал толы болды. Тыңдаушыларға мектеп президентіне үміткерлердің 8 «Г» сыныбынан - Окутаева Аделя, 9 «Б» сыныбынан - Сулейменов Тагир, 10 «А» сыныбынан – Ахмадиев Ильдар, 9 «Б» сыныбынан – Савина Алина - дайындаған сайлауалды науқаны ұсынылды. Балалар өздері туралы бейнепрезентацияларын дайындап, үміткелер бағдарламасын ұсынды.Ендігі міндет әр сынып қатысушылары өз сыныптарына үміткерлер туралы мәлімет бере отыра, 28 қазанда өтетін сайлауға қатысуларын жеткізу.
Біздің үміткерлерге сәттілік тілейміз. Келем деушілерді сайлауға шақырамыз.
Комментариев нет
Просмотров: 366