
Тәуелсіздік таңы ғасырлар тоғысында
Жақында 13 желтоқсан күні мектебімізде тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік таңы ғасырлар тоғысында» атты мерекелік кеш өтті.
Салтанатты мерекемізде тәуелсіз еліміздің жас азаматтары , еліміздің нағыз патриоттары, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғалар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданды.
Мерекелік кеш ары қарай әсем ән мен тәтті күйге ұласты.




Комментариев нет
Просмотров: 340